• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:47:51
Алматы
+35°

19 Желтоқсан, 2017 NEWS

Алматыда белгілі актер Құман Тастанбековпен қоштасу рәсімі өтеді

Бірнеше күн бұрын «Қыз Жібек» фильмінде Төлегеннің рөлін сомдаған актер Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков көз жұмған болатын

Ертең, яғни 20 желтоқсанда сағат 10:00-де Алматы қаласында Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен елімізге белгілі актер Құман Тастанбековпен қоштасу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бірнеше күн бұрын «Қыз Жібек» фильмінде Төлегеннің рөлін сомдаған актер Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков көз жұмған болатын.

Айта кетер болсақ, Құман Тастанбековтың ең алғаш сомдаған рөлі — Қыз Жібек фильміндегі Төлеген образы. Осы фильмнен кейін ол бүкіл қазаққа Төлеген ретінде танымал болды. Бұдан кейін де ол көптеген фильмдерге түсті және театр сахнасында да түрлі образдарды сомдады. Ол «Қазақстан Ленин комсомолы» сыйлығының иегері атанып, «Құрмет» орденімен марапатталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір