• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:33:25
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Алматыда Аягүл Миразова атындағы шығармашылық зертхана ашылды

Онда мектеп директорлары мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жасалады

Алматыда Қазақстанның Еңбек ері Аягүл Миразова атындағы шығармашылық зертхана ашылды. Онда мектеп директорлары мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жасалады.

Зертхана білім беру ісінің құрметті қызметкері Аягүл Төреқызының 70 жас мерейтойы қарсаңында ашылған. Ұлағатты ұстаз қаладағы Ыбырай Алтынсарин атындағы білім ордасын ширек ғасыр бойы басқарған. Осы жылдар ішінде аталған оқу орны еліміздегі ең мықты білім ошағының біріне айналды.

«Зертханада жас директорлардың менеджерлік мектебі жұмыс жасайды. Сонымен бірге, Алматы қалалық директорлар кеңесі де жұмыс істеп тұр. Соның аясында Алматы қалалық білім беру жүйесінің даму тұжырымдамасы, даму бағдарламасы, оларды жүзеге асырудың жоспарлары дайындалып отырады», – деді Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Әкімжан Сайлыбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір