• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:53:51
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматыда әскер қатарына шақыртылған сарбаздарды салтанатпен шығарып салды

Алматыда әскер қатарына шақыртылған сарбаздарды салтанатпен шығарып салды

Алматыда әскер қатарына шақыртылған сарбаздарды салтанатпен шығарып салды.

Алматыда әскер қатарына шақыртылған сарбаздарды салтанатпен шығарып салды. Отан қорғаушылар күнімен тұспа-тұс келген шарада аға буын өкілдері болса, жастарға батыр бабалардың ерлігін айтып, үлгі етті. Ал барлау бөлімшесінің десанттық-шабуылдаушы әскерлері жауынгерлік қойылым көрсетіп, мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі патриоттық әндерден концерт қойды.

«1 жылдық армияға Отан алдындағы борышымызды өтеуге бара жатырмыз. Әр ер жігіттің міндеті, мақсаты деп ойлаймын. Оқу орнын бітіріп, жасым 24-ке келсе де өз борышымды өтеуге аттанып бара жатырмын», - деді Ернар Ерғалиұлы.

«Бүгін сондай тамаша күн. Отан қорғаушылар күнінде інімізді әскерге шығарып салып тұрмыз. Ініме және барлық сарбаздарға әскери міндетін абыроймен атқарып келсін деп тілеймін», - деді Гүлнар Әділханова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір