• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:39:53
Алматы
+35°

30 Қараша, 2018 Аймақтар

Алматыда «Арландар сайысы» республикалық турнирі аяқталды

18 бен 40 жас арасындағы мықтылар сайысы «Алматы арена» спорт кешенінде өтті

Алматыда «Арландар сайысы» республикалық турнирі аяқталды. 18 бен 40 жас арасындағы мықтылар сайысы «Алматы арена» спорт кешенінде өтті.

Тартысты додада еліміздің 14 облысынан келген 96 спортшы күш сынасты. Боз кілемде белдескен балуандардың жүлде қоры қомақты. Жеңімпаз 1 миллион 700 мың теңгені қанжығылады. 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Алматы облысынан қатысқан Ержан Еренғайыпов чемпион атанса, 74 келі салмақта қызылордалық Ғалымжан Әбдірахманов олжалады. Ал 90 келінің бас жүлдесі Саят Шәмшиевке бұйырды.

«Арландар сайысы» биыл екінші рет өтіп отыр. Былтыр 90 келі салмақ санаты болмаған еді. Қазір ересектер арасында 90 келі салмақта өнер көрсетемін. Бүгін «Арландар сайысында» бағым мен бабым қатар шауып, жеңімпаз атандым», – дейді жеңіпмаз Саят Шәмшиев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір