• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:26:16
Алматы
+35°

22 Қыркүйек, 2017 NEWS

Алматыда «Ана тілім - ардағым» атты мерекелік іс-шара өтеді

Мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін 6013 қызметкер ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуге қатысты

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Басқарманың 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өткізеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мерекелік іс-шараға мемлекеттік мекемелердің басшылары, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ тілшілері, қала тұрғындары, студент жастар мен оқушылар және т.б. шақырылды.

Мерекелік іс-шарада 2017 жылы өткен қалалық байқауларда жүлделі І орын алған жеңімпаздар Алматы қаласы әкімінің атынан марапатталады.  Көрермендерге белгілі өнер шеберлерінің қатысуымен әзірленген концерттік бағдарлама ұсынылады.

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында Алматы қаласындағы этно-мәдени бірлестіктердің қатысуымен «Тіл - татулық тірегі», «Абай оқулары», «Пушкин оқулары», қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар меңгерген жастар арасында «Тіл шебері», «Тіл дарын», «Тіл парасат» атты байқаулар ұйымдастырылады. Мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Көркемсөз оқу шеберлері», «Тіл мерейі», «Ана тілім –ардағым», БАҚ өкілдерінің арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты қалалық байқаулар өткізу дәстүрге айналған.

Алматы қаласында мемлекеттік қызметшілерге қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылған. Жаңа технологиямен жабдықталған оқу кабинеттері жұмыс істейді. Олардың барлығы іс жүргізуге қажетті құжаттардың мемлекеттік тілдегі үлгілері мен екі тілді электронды сөздіктермен, қазақ тілі орфографиясы мен орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасау және тілдерді оқытуда жиі қолданылатын 30-дан астам электронды бағдарламалармен қамтамасыз етілген.

Биылғы 2017 жылы қазақ тілі курсының 69 тобы жасақталып, 721 тыңдаушы қазақ тілі курсына тіркелді. Ағылшын тілі бойынша 27 топта 350 мемлекеттік қызметші курстан өтуде.

Алматы қаласы бойынша осы жылы бүгінгі күнге дейін  мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін 6013 қызметкер ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуге қатысты. Тестілеуге қатысқандардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі анықталды: А1 (қарапайым деңгей) – 1011, А2 (базалық деңгей) – 3038, В1 (орта деңгей) – 1332, В2 (ортадан жоғары деңгей) – 542, С1 (жоғары деңгей) – 31 қызметкер.

Алматы қаласындағы тілдік ахуалды әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша сұралған респонденттердің – 81% әр түрлі деңгейде қазақ тілін, 86% – орыс тілін, 15% – ағылшын тілін, 12% – әр түрлі деңгейде үш тілді меңгергендіктері анықталды.

Елімізде өзге ұлт өкілдерінің ана тілдерін сақтау мен дамыту мақсатында жексенбілік мектептер жүйесі құрылған. Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктерде қазақ тілімен қатар неміс, поляк, әзірбайжан, шешен, осетин, кәріс, түркімен және т.б. тілдер оқытылады.

Алматы қаласының көшелеріндегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Деректемелер мен көрнекі ақпараттарды орналастыруға рұқсат алу кезінде жарнама мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқасын міндетті түрде тиісті мемлекеттік органмен келісу тәртібі белгіленген. Атап айтсақ, 2017 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша 2313 жарнама эскиздерінің мәтіндері тексерілді. Оның 628-іне орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық түзетулер енгізілді.

Қазіргі таңда Алматы қаласында 56 795 баланы қамтитын 478 мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар. Оның ішінде қазақ тілінде білім беретін 180 (37,6%),  орыс тілінде – 130 (27,4%), аралас тілде - 168 (35%) мемлекеттік балабақша жұмыс істейді.

Алматы қаласы театрлары мен концерттік залдары қала тұрғындары мен қонақтарына мемлекеттік тілде мәдени қызмет көрсетеді. Алматы қаласы мұражайларында экскурсиялар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Ұйымдастырылатын іс-шаралардың 80% қазақ тілінде өтеді.

Алматы қаласының кино театрларында «Моана», «Галактика сақшылары», «Көліктер-3», «Алғашқылар дәуірі», «Тағы бір күн», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Соқыр махаббат», «Бір сен үшін» және т.б. фильмдер қазақ тілінде көрсетілді.

Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 2016 жылы және 2017 жылдың бірінші жартысында мемлекеттік бағдарлама бойынша 9 316 жаңа кітап алынған болса, оның 7 469-ы, яғни 80% қазақ тілінде. Аталған кезеңде кітапханалар қызметін пайдаланған оқырман саны 219 274 болса, оның 175 420-сы, яғни 80% қазақ тілді оқырман болды.

Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 2016 жылы және 2017 жылдың бірінші жартысында мемлекеттік бағдарлама бойынша 9 316 жаңа кітап алынған болса, оның 7 469-ы, яғни 80% қазақ тілінде. Аталған кезеңде кітапханалар қызметін пайдаланған оқырман саны 219 274 болса, оның 175 420-сы, яғни 80% қазақ тілді оқырман болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір