• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:42:23
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2018 Әдебиет

Алматыда «Алтын қалам» иегерлері марапатталды

"Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап" аталымы бойынша Ерлан Карин марапатталды

Алматыда "Алтын қалам" әдеби жүлдесі аясында кездесу өтті. Шара барысында авторларға алғаш рет әдеби "Оскар" сыйлығы табыс етілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге берілді. Жеңімпаздар "Алтын қалам" байқауы мен Әлеуметтік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова бірлесіп жүргізген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды. Зерттеуге әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы беделді 50-ден астам сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін білдірді. Сарапшылар сондақ-ай, қазіргі таңда сұранысқа ие әдеби жанрлары, үздік авторлар мен үздік кітаптарды атап өтті. 

Кездесу барысында   Жылдың үздік баспасы, Жылдың әдеби дебюті, Кiтап like (оқырмандар таңдауы), Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап, Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшінаталымдары бойынша мүсіншелер мен дипломдар табысталды. 

"Жылдың ең үздік баспасы" аталымы бойынша "Өлке" баспасының директоры Мереке Құлкенов марапатталды. 

"Үздік баспа атану үшін ең алдымен қазақ қаламгерінің қандай деңгейде екенін анықтап алу керек. Не болса соны басып шығара беруге болмайды. Екіншіден, қазақ тілді жазушыларға қамқорлық керек",-деп жауап берді  Мереке Құлкенов Айдос Сарымның сауалына. 

Айдосй Сарым

"Жылдың әдеби дебюті" аталымы бойынша Олег Червинский марапатталса, оқырмандар таңдауымен "Кітап like" аталымы бойынша Зира Наурызбаеваның "Четыре облака" кітабы үздік деп танылды.   

"Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап" аталымы бойынша «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы  Ерлан Кариннің "Между ИГИЛ и Аль-Каидой" кітабы үздік деп танылды. 

Ал әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін "Жылдың үздік меценаты" номинациясы ZHERSU инвестициялық-өндірістік корпорациясының төрағасы Бауыржан Оспановқа бұйырды. 

Марапатқа ие болған бес тұлғамен Ұйымдастыру комитетінің мүшелері Айдос Сарым, Досым Сатпаев, Нұржан Жалауқызы, Расул Жұмалы және Қуат Домбай шағын сұхбат жүргізді. 

Досым Сатпаев

Ал жеңімпаздарға табысталған мүсіншелер "Эльдани" қайырымдылық қорының "Сәндік-қолданбалы өнер шеберханасында" дайындалды. Аталған ұстаханада бірінші және екінші топтағы мүгедек 15 шебер жұмыс істейді.

"Алтын қалам" құлашын кең жайып келеді. Байқауға қатысушылар қатары да , жолданған жұмыстар саны да жыл өткен сайын артып келеді,-дейді ұйымдастырушылар. 

Өз сөзінде Айдос Сарым "Оқырмандар арасында да байқау ұйымдастыру керек",-деп айтып өтті. 

Айдос Сарым

Әдеби кештің қодаушылары:  “ZHERSU” инвестициялық-өндірістік корпорациясы,   QAZKOM,   "Русское радио Азия", «Қазақстан баспасөз клубы», "КТК", "31 арна",  "Меломан" сауда желісі, Qamshy.kz ақпарат агенттігі,  "Айқын", "Жас алаш" басылымдары, "Аруна" баспа үйі. 

Алтын қалам

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір