• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:49:40
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Алматыда алаяқтық жолмен ақша ұрлаған "салафит" ұсталды

Алайда ер адамның діни некеде тұрған әйелі де болған.

Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамнан үлкен мөлшерде ақша ұрланған ер адам ұсталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сүйене отырып.

Құзырлы органның мәліметінше,  Г. есімді күдікті қала тұрғынынан (2-топтағы мүгедек әйел адамнан)  1 миллион 300 мың теңге көлеміндегі ақшаны алаяқтық жолмен ұрлап алған. 

"Күдікті ер адам Ц. есімді азаматшамен жақсы қарым-қатынаста болып, онымен некеге тұруды уәде еткен. Алайда ер адамның діни некеде тұрған әйелі де болған. Ол азаматша Ц. -ның сеніміне кіріп, ақшасын алып, үшті-күйлі жоғалып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ақшаны ұрланған аляқтың қаражаттың бір бөлігін өзінің сыбайласына бергенін анықтады. Ал қалған ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Қазіргі уақытта аляқтық жолмен ақша ұрлаған ер адам ұсталып, түрмеде отыр және өзіне шығатын сот шешімін күтуде. Жәбірленушінің айтуы бойынша, күдікті Г. өзін  «салафизм» деструктивті діни қозғалыстың жақтаушысы ретінде көрсетіп келген", - деді қалалық полиция департаменті.

Ұсынған: Мият Кәшібай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір