• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:52:28
Алматы
+35°

31 Тамыз, 2018 Аймақтар

Алматыда «Академиялық шығармашылық» өнер мерекесінің қорытынды кеші өтті

Қазақ өнерінің биік шыңы атанған Ермек Серкебаев атындағы үлкен залда өткен концерт жас өнерпаздарға рухани серпіліс, өнер әлеміне деген ерекше бағыт берді

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен «ЮНЕСКО клубының үшінші «Академиялық шығармашылық» атты өнер мерекесінің қорытынды кеші П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде өтті. Қазақ өнерінің биік шыңы атанған Ермек Серкебаев атындағы үлкен залда өткен концерт жас өнерпаздарға рухани серпіліс, өнер әлеміне деген ерекше бағыт берді.

Шын мәнінде, қайталанбас өнер иесі атындағы залдың сахнасына шығып, өнер көр­сетудің өзі зор мәртебе. Осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған бұл жоба ең алғаш рет 2016 жылы қолға алынған еді. Жобаның тікелей қолдаушылары ЮНЕСКО клубтары мен Қазақстан Респуб­ликасы Тұңғыш Президент-Елбасы қоры.

Биылғы жобаға қатысуға 12 мен 17 жас аралығындағы 1000-ға жуық қатысушы өтініш білдірген еді. Бұл шараға еліміздің 14 об­лысы мен 124 ЮНЕСКО клуб­тары қамтылды. Барлық үміт­керлер өздерінің туындыларын, ең үздік деген жұмыстарын байқауға жолдаған еді. Әділ­қазылар бес аталым бойынша барлық үміт­керлер жолдаған жұмыстарды саралай келе, ең үздік деп танылған 80 студентті анықтап, Алматыға шақырды.

– Елімізде жастарды қолдауға бағытталған жобалар өте көп. Біздің басты мақсатымыз – еліміздің ертеңі болар жастардың танылуына жол ашу, – дейді ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры Сергей Тохтаров.

Жас таланттардың барлығы өнерлі. Олардың бір-бірінен бөліп қарау еш мүмкін емес. Талай дарынды, қазақ өнерінің мақта­ныш­тары өнер көрсеткен сахнада тұсауы кесілген жас­тардың арасынан  әлі талай шоқ жұл­дыздардың шығатыны анық. Жас өнерпаздар бес аталым бойынша өз өнерлерін көрсетті. Үлкен дәліз төрінде жас бояу шебер­лерінің көрмесі ұйымдас­тырылды.

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерация­сының бас хатшысы Сабина Ақжарованың айтуынша, «Шы­ғар­машылық академия» талантты балалардың өнер әлеміне нық қадам жасауына мүмкіндік туғызып отыр. Өйткені, тегін әрі оған өтініш білдіргендердің бәрінің қатысуларына болады. Алматыға еліміздің барлық өңірінен келген өнерлі жастар түрлі лекциялар, семинарлар мен тренингтерге қатысып, өздерінің таным дүниелерін кеңейтті. Әсіресе, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы мен П.Чай­ковский атындағы музыка училищесінің педагогтарының дәрістері ерекше әсер етті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір