• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:30:55
Алматы
+35°

24 Шілде, 2018 NEWS

Алматыда ағаш түбінен табылған баланың анасы ұлының жағдайы туралы айтты

Алматыда Шығыс айналма жолында көлік қағып кеткен бала палатаға ауыстырылды.

Алматыда Шығыс айналма жолында көлік қағып кеткен бала палатаға ауыстырылды. Бұл туралы  Tengrinews.kz порталы хабарлады.

Балалар жедел медициналық жәрдем орталығындағы бас дәрігердің орынбасары Дінмұхамед Рузуддиновтің айтуынша, бала нейрохирургия бөліміндегі палатаға ауыстырылды.

"Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Бүгін оны нейрохирургия бөліміне ауыстырдық. Бала анасымен бірге жатыр. Сөйлей алады, тамақ іше алады. Барлық қажетті емді алып жатыр. Бірақ бала әлі де әлсіз. Оның қанша уақытта қалпына келетінін айту өте қиын. Бала ашық бас ми жарақатын алды, ота жасалды", - деді дәрігер.

Оның болжауынша, бала 2-3 аптада ауруханадан шығарылады. Енді ол осы уақыт аралығында ем алады, витамин қабылдайды. Ал баланың анасы Азиза Аскар-оғлы ұлы Мұхаммедтің әлі сөйлей алмайтынын айтады.

"Әзірше сөйлей алмайды, дәрігерлер қалпына келу үшін уақыт қажет екенін айтады. Қазір ол сұрақтарға қойғанда, қарап, күліп қояды. Көңіл-күйі өзгеріп тұрады, кейде жылап жібереді де. Бірақ өздігінше тамақтана алады", - дейді.

Сондай-ақ, анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

"Бала аулада жүрген болатын. Мен оны күйеуіммен жүрген шығар деп ойладым. Бірақ ол жұмысқа кетіп қалған болып шықты. Баланың қасында мен болды деп ойлаған. Бірақ ұлымыз кенеттен жоқ болып кетті. Оны аялдамаға дейін іздеп бардым. Сосын полицияға хабар бердім. Олар болса сол жерде жол апаты болғанын айтты. Біз артынша сонда бардық", - дейді зардап шеккен баланың анасы.

Осы жағдайға дейін Мұхаммед балабақшаға барып жүрген екен.

Еске салайық, осыған дейін Шығыс айналма автожолында баланы көлік қағып кеткені туралы хабарланған еді. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, "баланы көрпеге орап, Брянская көшесіндегі ағаштың түбінде тастап кеткен".

Алайда жол апаты болған жер бала табылған жерден алысырақ болған. Дәрігерлердің айтуынша, бала үшінші деңгейлі кома және төртінші деңгейлі травматикалық шок алған жағдайында балаларға шұғыл жәрдем көрсету орталығына түскен. Оған жедел ота жасалған. 

Ал кейінірек оқиғаның видеосы жарияланған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір