• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:23:45
Алматы
+35°

19 Шілде, 2018 Аймақтар

Алматыда 70 маманнан құрылған топ студенттерге діни дәрістер оқиды

Алматыда 70 маманнан құрылған топ оқушылар мен студенттерге діни дәрістер оқиды

Алматыда 70 маманнан құрылған топ оқушылар мен студенттерге діни дәрістер оқиды.

Алматыда діни ақпараттық-түсініктеме беретін топтар бірігетін болды.

Жалпы, жыл басынан бері қалада осындай 8 бірлестік жұмысын бастаған еді. Олардың қатарына теологтардан, дінтанушылар мен психологтардан тұратын 70 шақты адам кірген. Мамандар мектептерде, жоғары оқу орындарында, емханалар мен басқа да адам көп келетін мекемелерде дәрістер жүргізген. Жалпы, 270 түрлі шара өткізіп, 30 мыңға жуық адам қамтылыпты.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Алматыда барлығы 179 діни бірлестік тіркелген. 

«Әкімдіктің жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес бар. Діни бірлестіктердің клубы бар. Диалог алаңында кездесулер арқылы қаламыздағы барша дін өкілдерімен осындай өзара сенімді атмосфераны қалыптастыра білдік деп айта аламыз», – деді  Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір