• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:03:32
Алматы
+35°

01 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Алматыда "7-20-25" бағдарламасы талқыланды

Филиал мен баспана жұмысының қорытындысы жасалды

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шеметова Гүлнар Равилқызы – Алматы қалалық филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің директорының орынбасары;

Олжаев Айбар Қайнарұлы - Баспана Ипотекалық ұйымы Сыртқы байланыстар қызметі жетекшісінің орынбасары;

Байдосов Талғат Хәкімұлы – «Баспана» АҚ ипотекалық ұйымының төраға орынбасарының  қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Филиал мен баспана жұмысының қорытындысы жасалды. Бағдарламаны іске асыру бойынша Алматы қаласы әкімдігімен бірлескен қызмет, сондай-ақ болашақтағы жоспарлар баяндалды.

«7-20-25. Әр отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы ҚРҰБ басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы №107 қаулысымен бекітілген. Бағдарламаны Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 наурызда «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» халқына жолдауында хабарлаған.

Бағдаламаның операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы – «Баспана» Ипотекалық компаниясы» АҚ болып табылады.

Бағдарламаның негізгі шарттары - ставка жылдық 7%, бастапқы жарна - 20%, қарыз мерзімі – 25 жылға дейін, қарыз валютасы – теңге.

Қатысушы банктер – «Банк Центркредит» АҚ, «Евразийский Банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «RBK Bank» АҚ, «Халык Банк» АҚ, «Цесна Банк» АҚ және «Форте Банк» АҚ.

2018 жылғы 22 қарашадағы жағдай бойынша Алматы қаласында банктер жалпы 17 681,4 млн. теңге сомасына ипотекалық кредит алуға 1391 өтінім алды.Олардың ішінен 10 499,5 млн. теңге сомасына 826 өтінім мақұлданды.

Мақұлданған өтінімдер бойынша 8 937,3 млн. теңге сомасына 689 қарыз берілді.Алматы берілген кредиттер саны бойынша республикада 2-орынға ие.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір