• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:45:30
Алматы
+35°

24 Шілде, 2018 Аймақтар

Алматыда 1 қыркүйекте қоқыс өңдейтін жаңа кешен ашылады. 

«2017 жылы желтоқсанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды », - деді қалалық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Оның айтуынша, жоба аясында қоқысты бөлек жинау, қоқысты қайта өңдеуді кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. 

Кешеннің өзі Алатау ауданында орналасқан.

«Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары күнтізбелік кестеден қалып қойды. Администратор мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында белгіленген уақытта инженерлік желілерді жүргізіп бітіре алмады. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу конкурсы екі рет өтті. Сондықтан, қоқыс өңдеу зауытын пайдалануға беру уақыты 1 қыркүйекке қалдырылды», - деді Ә.Масабаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір