• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:14:02
Алматы
+35°

26 Қыркүйек, 2017 NEWS

«Алматы туры-2017»: Қалада қандай көшелер жабылады?

«Алматы туры» тұңғыш рет көпкүндік жарыс форматында екі кезең бойынша 30 қыркүйекте және 1 қазанда өтеді

30 қыркүйек пен 1 қазанда "Алматы туры-2017" велододасын өткізуге байланысты мегаполистің бірнеше көшесі жабылады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпқой веложарыстардың бірі өтеді, оған Қазақстаннан, Франциядан, Әзірбайжаннан, Ираннан, Малайзиядан, Өзбекстаннан, Қытайдан, Латвиядан, Украинадан, Жапониядан, Италиядан, АҚШ-тан, Швейцариядан, Германиядан және Ұлыбританиядан спортшылар қатысады. Барлығы 20-дан аса команда. 

"Алматы туры" тұңғыш рет көпкүндік жарыс форматында екі кезең бойынша 30 қыркүйекте және 1 қазанда өтеді. 

30 қыркүйекте жабылатын жолдар: 

• 9.00-10.40 - қалалық айналым (Төле би көшесінен Фурманов көшесіне дейін, Фурмановпен Сәтбаев көшесіне дейін, Сәтбаев көшесінен Байзақов көшесіне дейін, сосын Байзақовтан Абай даңғылына дейін, Абай даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін, Желтоқсан көшесінен Төле би көшесіне дейін);

• 10.40-11.00 - Шығыс айналма автомобиль жолы - Индустриалдық аймақ (Төле би көшесімен Шығыс айналма автомобиль жолына дейін, Шығыс айналма автомобиль жолынан әл-Фараби даңғылы арқылы Индустриалдық аймаққа дейін); 

• 11.00-14.30 - Индустриалдық аймақ;

• 13.30-14.30 - "Алматы Аренаға" Момышұлы көшесімен және мәреге "Алматы Арена" ішкі территориясы арқылы.

1 қазанда жабылатын жолдар:  

• 09.45-10.05 - Талғар тасжолы "Халық Аренадан жарыс басталғанға дейін;

• 10.00-14.00 - Шығыс айналма автомобиль жолымен айналып, Тұңғыш Президент Саябағына дейін;

• 12.40-14.40 - Достық даңғылымен жоғары қарай "Медеу" мұз айдынына дейін.

"Қаланы, маршрутты, логистиканы және қатысушылардың қозғалыс сызбасын зерттегеннен кейін, сондай-ақ, шараға дайындықты көргеннен кейін мұндай спорт жобасының Орталық Азияда теңдесі жоқ екенін сеніммен айта аламын", - деп атап өтті "Алматы туры" техникалық делегаты Пьер Хатсебаут.

28 қыркүйекте Панфилов көшесінің бойындағы "Алматы" қонақүйінің маңында әуесқой жарыстар өтеді, онда кез келген адам қатыса алады. Бағыт пен шабыт беру үшін әуесқойлармен Astana Pro Team жұлдыздары қатарласып жарысады. Сонымен қатар, олармен әңгімелесіп, қолтаңба алуға болады. Ал 29 қыркүйекте қатысушы командалардың ресми таныстырылымы және веложарыс қатысушыларының жаттығуы өтеді. 

"Дәл осы бесінші, мерейтойлық жарыстың статусы өскені символдық мәнге ие деп есептеймін. Велосипед мәдениеті қарқынды дамыған Алматы сияқты қалаға айрықша мәнді", - деп атап өтті Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Аманбек Құлшықов.

Айта кетейік, жарыс трансляциясы Eurosport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір