• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:48:38
Алматы
+35°

27 Шілде, 2018 Оқиғалар

Алматы қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезді

Қаланың ТЖБ баспасөз қызметінің айтуынша, біріншісі 26 шілденің сағат 23:29-да орын алған.

Алматылықтар екі балдық жер сілкінісін сезді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып. Анығын айтқанда, бес минут аралығында екі рет жер сілкінген. Қаланың ТЖБ баспасөз қызметінің айтуынша, біріншісі 26 шілденің сағат 23:29-да орын алған.  Эпицентрі 109 шақырым жердегі Алматының солтүстік-шығыс бағытындағы аймақ. Энергетикалық классы 11.4. Магнитудасы MPV 5.4. Тереңдігі 15 шақырым. 2 балдық деседі. Екінші дүмпу шілденің 26 күні сағат 23:32-де болды. Эпицентрі 111 шақырым жердегі Алматының солтүстік-шығыс бағытындағы аймақ, нақтырақ айтсақ, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шолақ елді-мекені. Энергетикалық классы 12.1. Магнитудасы MPV 5.7. Тереңдігі 30 шақырым. 2-3 балл деп топшылануда. Зардап шеккендер, қуанышымызға орай, жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір