• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:33:24
Алматы
+35°

23 Шілде, 2018 Саясат

Алматы қаласының қоғамдық кеңесі: ІІМ мен ІІД басшылығы отставкаға кетсін!

Бір ауыздан министр Қасымов, орынбасарларымен және қалалық ішкі істер басқармасы басшылығының отставкасын талап еттік

Бүгін Алматы қаласының қоғамдық кеңесі тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қарады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қоғамдық кеңес қорытындысы туралы саясаттанушы Айдос Сарым "Жаңа ғана Алматы қаласының қоғамдық кеңесі өз жұмысын тамамдады.
Біраз нақты ұсыныстар жасалды.
Жиын соңында бір ауыздан министр Қасымов, орынбасарларымен және қалалық ішкі істер басқармасы басшылығының отставкасын талап еттік", - деп жазды әлеуметтік желіде. 

Ал, кеңес отырысы туралы  "Бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа, ҰҚК төрағас Кәрім Мәсімовке, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа және ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымовқа хат дайындап қойдық, Қызметтік сәйкестігі жайлы мәселені және ІІМ басшысы мен қалалық ІІД басшылығын отставкаға жіберу мәселесін көтеріп жатырмыз. Мұндай шешімдер қабылдамасақ, адамдар үйреніп алады. Басшылықты жаңарту қажет", - деп мәлімдеді Қоғамдық кеңес мүшесі, қалалық Мәслихат депутаты Рахман Алшанов отырыс барысында.

Айта кетсек, 19 шілдеде пышақ жарақатынан көз жұмған Денис Тен жағдайынан кейін әлеуметтік желіде Қамлұханбет Қасымовтың отставкасын талап етушілер саны артты. Сондай-ақ, ұрлық, тонау фактілері бойынша түрлі жағдайлардың бетін ашқан посттар көбейді. Көп жағдайда қылмысқа полицейлер немқұрайлы қарап, салғырттық танытқан. 

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір