• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:07:26
Алматы
+35°

08 Қыркүйек, 2018 NEWS

Алматы қаласында «31 арнаның» жаңа телемаусымының тұсаукесері өтті

«31 арнаның» Бас директоры Бағдат Қожахметовтың айтуынша, арнаның жаңа маусымы көрерменді су жаңа премьералармен және төл тележобалармен...

6 қыркүйек күні Алматы қаласында «31 арнаның» жаңа телемаусымының тұсаукесері өтті. Х мерейтойлық «Достар клубы» кешінде «31 арна» жылдағы дәстүрден жаңылмай, өзі өндірген бірегей жобаларын көпшілікке таныстырды. Жаңа маусымның тұсаукесеріне «31 арнаны» қолдап қоғам қайраткерлері, арна серіктестері, бір саладағы әріптестер және қазақстандық шоу-бизнес өкілдері келдідеп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«31 арнаның» Бас директоры Бағдат Қожахметовтың айтуынша, арнаның жаңа маусымы көрерменді су жаңа премьералармен және төл тележобалармен қуантуды мақсат тұтып отыр.

«Ерекше мақтанышпен атап өткім келетіні, біздің команда былтыр бір жыл бойы қол қусырып отырған жоқ. Оған өзіміздің төл өнімдерімізден тұратын жаңа бағдарламалар тізбегі куә.  Жаңа жобалар жасаған сайын көрермендеріміздің ерекше ілтипатына бөленіп, жүректеріне жол табамыз. Олай дейтінім, «31 арна», ең алдымен, отбасылық телеарна. Біздің арнадан әркім өзіне керегін табады», - деді «31 арнаның» Бас директоры Бағдат Қожахметов.

Арнаның продюсерлері «I’m a Singer Kazakhstan» шоуының екінші маусымы, «Бiреудiң әйелi» (Обмен женами), «Менің стилім» (Мой стиль) және жылдың үздік шытырман ситкомы «Көрген сіздер» сияқты жобаларға ерекше екпін жасаған.

9 қыркүйек күні «31 арна» жылдың үздік музыкалық тележобасы - «I’m a singer Kazakhstan» шоуының екінші кезеңін эфирге шығарады. Биылғы маусымы бұрынғыдан да жарқын, бұрынғыдан да тартысты болады деп ойлаймыз. Себебі, продюсерлер шоудың форматын түбегейлі алмастырып, байқау мен көрерменнің дауыс беру концепциясына өзгеріс енгізді. Ал сіз, қымбатты көрермен, заманауи музыка өнерінің жарқын құбылысын өз көзіңізбен көру бақытына иесіз. Бұл шоуда түрлі жанрдағы композициялар шырқалады. Оның ішінде романстар мен халық әндерінен бастап, рок-каверлердің хиттері мен әлемге әйгілі әндерге дейін бар.

 Биыл «31 арнаның» сайтына 4000-нан астам өтініш келіп түсті. Олардың ішінде Ресейдің, Украинаның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Иранның, Арменияның, Белорусь елінің орындаушылары болды.

Жаңа маусымның басты тұсаукесері «Көрген сіздер» деп аталатын комедиялық телехикая. Жобаның ерекшелігі – оған көрермендер онлайн-дауыс береді. Сол арқылы олар телехикаяның аптадағы соңғы бөлімін өздері шешу құқына ие болады. 

«31 арна» биыл күзде, сонымен бірге, «Біреудің әйелі» (Обмен женами) деп аталатын жаңа жобаны эфирге шығармақшы. Көрермендер бұл жоба арқылы ер азаматтардың бір-бірімен әйел алмастырғанына тәжірибе жүзінде куә болады. Реалити-шоу форматындағы тележоба әне-міне дегенше көпшілікке жол тартады. Ол Қазақстанның қыз-келіншектеріне армандарын жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл жоба отбасын қалай құруға, қалай сақтап қалуға болады, әрі табысты, әрі бақытты әйел атану мүмкін бе дегендей сұрақтарға жауап береді. 

 Ал биыл өзінің имидждік концепциясын өзгертіп, жаңа студиядан, жаңа технологиямен хабар тарата бастаған қазақстандық телевизияның үздік ақпараттық бағдарламасы «Информбюро» әдеттегідей, ең шыншыл, ең өзекті мәселелерді көтеріп, бүкіл отбасына пайдалы жаңалықтарды ұсынады.

«31 арна» көп жылдан бері кинокөрсетілім саласында да еліміздегі ең үздік телеарна деген атты ұстанып келеді. Биыл да өзінің орнын ешкімге бермек емес.    

«31 арнада» ТМД елдері арасында «А» санатындағы кинокөрсетілім премьераларының ең үздік топтамасы бар. Осы маусымда да көрерменді көптеген тосынсыйлар күтіп тұр. Біз сіздерге әлемдік премьералар, мультипликациялар және 2018 жылдың үздік фильмдерін тарту етеміз.

Билығы күз Сіздерге «31 арнамен» бірге тамаша көңіл-күй мен күлкі сыйлайды. Сонымен қатар, біз бұл маусымды «Жұлдызды маусым» деп атадық. Әлбетте, осы атауды ақтау үшін көрерменге оң әсер сыйлауға міндеттіміз. «31 арнаның» жаңа жобаларын асыға күтіп, жақсылыққа ұмтылайық. Еліміздің ең үздік отбасылық арнасымен бір толқында болайық.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір