• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:48:49
Алматы
+35°

31 Тамыз, 2018 Аймақтар

Алматы қаласы Бостандық ауданында 3718 бүлдіршін 1-сыныпқа барады

Бостандық ауданы әкімшілігінің үлкен залына жиналған ата-аналар мен балалар «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасына қатысты

Бостандық ауданы әкімшілігінің үлкен залына жиналған ата-аналар мен балалар «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасына қатысып, мектепке қажетті құрал-жабдықтарға ие болды. Осыдан тура он бір жыл бұрын еліміз бойынша ең алғаш «Мектепке жол» деп аталатын қайырымдылық іс-шарасы бастау алып, талай балаға қуаныш сыйлаған еді. Сол үрдіс орта жолда үзіліп қалмай күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Осы жылдар ішінде қаншама баланың тағдыры оңынан шешіліп, талай бала басқа құрбы-құрдастарынан қалып кетпей мектеп партасына отырды. Сол балалардың алды бүгінде азамат атанып, үлкен өмір жолына аттанды. Міне, жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі үрдіс тағы да жалғасын тауып отыр. Осынау сауапты іске Бостандық ауданы әкімшілігі, осы ауданнан сайланған қалалық мәслихат депутаттары, бизнес өкілдері, мемлекеттік мекемелер, басқа да қолы ашық азаматтар көмекке зәру отбасыларға қолдау көрсетіп, көмектесіп жатыр.

«Мектепке жол» аудандық әкімшіліктің Мәжіліс залында өтіп, көңілді бағдарлама толқы­нында өтті. Бұл күн, әсіресе, биылғы жылы ең алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін есте қалар­лықтай оқиғаға айналып отыр. Барша ата-аналар мен мектеп оқушыларын Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева құттықтады.

– Дәл қазір елімізде «Мектеп­ке жол» іс-шарасы қызу өтіп жатар. Бүгінгі басқосуда осы іс-шараға белсене қатысып, көмек қолын созып отырған аудан кәсіпкерлеріне, ауданымыздан сайланған қалалық мәслихат депутаттарына, мемлекеттік мекемелер мен барлық ізгі ниетті жандарға рахмет айтқым келеді. Бүгін біз біз осы іс-шара аясында өздерінің құжаттарын өткізіп үлгермеген 856 отбасы баласына көмек көрсеткелі отырмыз. Сонымен қатар, жалпы біліммен қамту қоры есебінен 1144 баланы мек­тепке қажетті құрал-жабдық­тармен қамтыдық.

– Жаңа оқу жылы құтты болсын! Әсіресе, биылғы жылы мектеп табалдырығын аттағалы отырған 3718 бүлдіршіннің 1-сынып оқушысы атануымен құттықтаймын, – деген Маржан Ертайқызы келесі кезекті «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» деп, өздерінің көмегін ала келген қонақтарға ұсынды. Сонымен, қалалық мәслихат депутаты Мұхит Әзірбаев – 86 балаға, Дамир Шыныбеков – 10 балаға, Станислав Канкуров – 20 балаға, Марат Абдуллаев – 21 балаға, Ислам Байрамуков – 20 балаға, Вячеслав Банщиков – 50 балаға көмек қолын созды. Дәл осы күні «Spetr» компания­сының өкілдері Евгений Кучковский, Михаил Гранкин, «Б.Браун Медикал Қазақстан» ЖШС өкілі Ксения Павлова, «L Capіtal Fіnance» ЖШС директоры Гүлсім Іңкәрбекова және Сату және сервистік қызмет көрсету бөлімі­нің басшысы Гүлім Шәке­нова,  Бостандық ауданының Мемле­кеттік кірістер басқарма­сының басшысының орынбасары Қайрат Елеусізов, Бостандық ауданы Ішкі істер басқармасының ювеналды полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция капитаны Әйгерім Нұрғалиева, Бостандық аудандық медицина бірлестігінің өкілі Изатима Жакенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айгүл Абдрахманова, Бостандық ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Гүлнар Мадыханова балаларға мектепке қажетті құрал-жабдық, сөмке сыйлап, қуанышқа кенелтті. «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасына Бостандық ауданы белсене атсалысып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір