• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:30:04
Алматы
+35°

28 Ақпан, 2018 NEWS

Алматы қаласы Әкімдігінде көктемгі әскерге шақыру бойынша жиналыс өтті

Бүгін Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Дәрібаев Мұрат Амангелдіұлының төрағалық етуімен көктемгі әскерге шақыру мәселелері бойынша жиналыс өтті

Бүгін Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Дәрібаев Мұрат Амангелдіұлының төрағалық етуімен көктемгі әскерге шақыру мәселелері бойынша жиналыс өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртібін анықтау мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті әскери басқару органдарының басшылары бас қосты.

Көктемгі мерзімді әскерге шақыру жылдағыдай 2018 жылдың наурыз айынан басталмақ. Жиналыс барысында әкім орынбасары Мұрат Амангелдіұлы Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңға сәйкес көктемгі әскерге шақыруға жататын әскерге шақырылушыларды xабарлау кезінде бақылауды күшейту керектігін, аудандық шақыру пунктінде медициналық жабдықтау құралдарын 100% жасақтау қажеттілігін айтты.

Сонымен қатар Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Усербаев Амантай Сламжанұлы 2017 жылы республикалық жергілікті әскери басқару органдары арасында "үздік" деп танылғанын және мерзімді әскерге шақыру бойынша жұмыстардың атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Алматы қаласы бойынша жылына 2000-дай адам әскерге шақырылады. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет жүргiзіледi. Жиналыста он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскери құрылымдарын, ҚР ҰҚК, Ұлттық Ұланды, ҚР Мемлекеттік кұзет қызметін жасақтау үшін қажетті санында мерзiмдi әскери қызметке шақыру мәселелері талқыланды.

Жиналыс соңында Алматы қаласы Әкімінің орынбасары М.А.Дәрібаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің атынан грамота тапсырылды.

Қарлығаш Мұсабекқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір