• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 16:39:59
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматы оқушылары «Тұлпар мініп, ту алған» атты байқауда бақ сынайды

Алматылық оқушыларда қазақ эпосын жатқа айтып, бір жарым миллион теңге ұтып алу мүмкіндігі туды

Алматы оқушылары «Тұлпар мініп, ту алған» атты байқауда бақ сынайды.

Алматылық оқушыларда қазақ эпосын жатқа айтып, бір жарым миллион теңге ұтып алу мүмкіндігі туды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «Тұлпар мініп, ту алған» әдеби-танымдық шарасы қаламызда алғаш рет ұйымдастырылмақ. Байқауға қатысушылар «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып, онда кездесетін көнерген сөздерді түсіндіріп, мектеп бағдаламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап берулері тиіс. Жүлденің жалпы қоры 12 миллион теңгені құрайды. Ал оқушыларды дайындаған мұғалімдер Оксфорд қаласында ағылшын тілі курсынан өтуге жолдама алады. Үміткерлер мамыр айының 25-сіне дейін өтінімдерін берулері тиіс.

«Біз байқауға қатысып, жүлделі орын алған оқушыларға: бірінші орынға - 1,5 миллион теңге, екінші орынға - 1 миллион теңге, ал үшінші орынға 500 мың теңге бөліп отыр. Сондай-ақ бұл байқаудың ең бір ерекшелігі - байқауға оқушыларды дайындаған ұстаздарын да назардан тыс қалдырған жоқпыз», - деді  Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Шегебек Қауымбаев.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласындағы мектеп оқушылары (6-10 сынып) арасында «Тұлпар мініп, ту алған!» атты әдеби және тарихи-танымдық байқауы өтеді.
Байқау 5-15 қыркүйек аралығында аудандық деңгейде және 28 қыркүйекте қалалық деңгейде (мәре) ұйымдастырылады.
Байқауда қатысушылар «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мазмұнын түсіндіріп, мектеп бағдарламасы бойынша қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап берулері тиіс.
Шараның басты мақсаты:
— балалар арасында кітап оқуды, оның ішінде қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау;
— өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
— балаларды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу;
-дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру;
Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
І орын (біреу) – 1 500 000 теңге;
ІІ орын (біреу) – 1 000 000 теңге;
ІІІ орын (біреу) – 500 000 теңге.
Ал, осы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдерге Оксфорд қаласында (Ұлыбритания) ағылшын тілі курстарынан өтуге жолдама беріледі.
І орын (біреу) – 3 ай;
ІІ орын (біреу) – 2 ай;
ІІІ орын (біреу) – 1 ай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір