• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:05:20
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Алматы облысының үздік тілшілері марапатталды

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мерекелеу күніне орай Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде салтанатты шара өтті.

ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық саясатын тиімді жүзеге асырғаны және қазақстандық армияның беделін нығайтуда қосқан үлесі үшін Алматы облысының бірқатар тілшілері ҚР Қорғаныс министрінің грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.   

Үздік тілшілер

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мерекелеу күніне орай Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде салтанатты шара өтті. Мекеме бастығы полковник Бердібек Берістемов Қарулы Күштермен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан қылқалам шеберлеріне шексіз алғысын білдіріп, келер жылда зор шығармашылық табыстар тіледі.

Үздік тілшілер

ҚР Қорғаныс министрлігінің грамоталарымен «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін, «Жетісу» каналының шеф-редакторы Назгүл Бошан, тілшілер Ирина Карякина («Огни Алатау» газеті), Мәулен Әнербай («Жетісу» газеті), Гүлмира Темірғалиева («Диалог-Жетысу» газеті), Мәриям Жасұлан («Арай+», «31 арна») марапатталды.

Қорғаныс ведомствосы ұйымдастырған дәстүрлі «Жас ұлан» әскери-патриоттық әндер фестиваліне қатысып, үздік өнер көрсеткен Қ.Бәйсейітов атындағы саз колледжінің студенті Құралай Мұқият пен оқу мекемесінің директоры Жанат Шегебаев та Департамент бастығының грамотасын иеленді.

Үздік тілшілер

Сонымен қатар, Талдықорған гарнизонының Әскери сотының төрағасы Ринат Ақпар бірқатар Қарулы Күштер мен Ауған соғысы ардагерлерін грамотамен марапаттады.

Үздік тілшілер

 Қазақстандық армияның тыныс-тіршілігін жоғары кәсіби деңгейде жариялап келе жатқан үздік журналистерді марапаттадық. Олардың ішінде бірінші республикалық «Әскери медиа» фестивалінің номинанттары да бар. Бұдан кейін де БАҚ өкілдерімен кәсіби және тығыз қарым-қатынаста байланыста боламыз деген сенімдемін, - деп атап өтті Департамент бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөннідегі орынбасары әділет подполковнигі Қуандық Әділбеков.

Үздік тілшілер

Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір