• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:44:51
Алматы
+35°

29 Қараша, 2018 NEWS

Алматы облысының үздік тілшілері марапатталды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде салтанатты жиын болып өтті

ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық саясатын тиімді жүргізгені және қазақстан әскерінің беделін нығайтуда қосқан үлесі үшін Алматы облысының бірқатар тілшілері грамоталармен марапатталды.

ҚР ҚМ

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде салтанатты жиын болып өтті. Жергілікті әскери басқару органы бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Сейілжан Бекмұратов Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігін жариялауда қосқан үлестері үшін қылқалам шеберлеріне алғысын білдіріп, «Жетісу» телеарнасының бас редакторы Назгүл Бошанды Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың атынан келіп түскен грамотамен марапаттады.

ҚР ҚМ

Сондай-ақ, «Tinfo» желілік агенттігінің бас редакторы Диас Бейсенбек, Қалмаханбет Мұқаметқали («Егемен Қазақстан» газеті), Ирина Карякина («Огни Алатау» газеті), Мәулен Әнербай «Жетісу» газеті), Гүлмира Темірғалиева («Диалог-Жетысу»), Алма Оразаева («Taldykorgan-online.kz») сынды бірқатар журналистер Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының грамоталарымен марапатталды.

ҚР ҚМ

* Біз Қазақстандық әскерлердің тыныс-тіршілігін кәсіби тұрғыда жариялап келе жатқан үздік тілшілерді марапаттадық. Алдағы уақытта да бірлесе жұмыс атқарып, өзара ынтымақтастығымыз арта береді деген сенімдемін, - деп атап өтті Алматы облысы ҚІД баспасөз қызметінің бастығы лейтенант Жанар Әміржанова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір