• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:02:58
Алматы
+35°

13 Тамыз, 2018 Әлеумет

Алматы облысының өзінде бір аптада бес сәби педофилдердің құрбаны болған

Ләззат Ахатова ханым «Педофилдерге өлім жазасы тағайындалсын!» деген петицияға қол жинауды бастады

petitions247.com сайтында Ләззат Ахатова ханым «Педофилдерге өлім жазасы тағайындалсын!» деген петицияға қол жинауды бастады. Алматы облысында бір апта көлемінде бес баланың педофилдің құрбанына айналғандығы жөніндегі ақпарат Қамшы бетінде жариялаған болатын. Айтпағымыз, баланың өмірі ойыншыққа айналған заманда портал петицияны оқырман назарына ұсына отырып, аталмыш мәселе бойынша үнсіз қалмауға шақырады.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

     Қазіргі таңда елімізде сәби зорлау фактісі күннен-күнге көбейіп барады. Бірер жыл бұрынғы алты жасар қыз баланың өлімі, сарыағаштық жеті жасар баланың зорлануы, Қызылордадағы тоғыз жасар қыздың анасын өлтіріп, өзін зорлауы, Алматы облысындағы алты жасар қыздың зорлануы, тағы сол сияқты сұмдық оқиғаларды күн сайын ақпарат алаңынан оқимыз, естиміз. Алматы облысының өзінде бір аптада бес сәби педофилдердің құрбаны болғаны жөнінде ақпарат бар. 

    Бұндай сұмдықтар азаюдың орнына, күн санап өршіп жатыр. Құқық қорғау органдарының статистикасында да педофилдік сипаттағы  қылмыстар  жылдан-жылға өсіп жатқаны көрсетілген. Балалардың тағдырына алаңдаулы ата-ананың, елдің ашу-ызасы, уайымы, қорқынышы да күн санап өсіп барады...

    Осыған орай, xалық арасында  педофилдерді өлім жазасына кесіп, ел алдында жазалау керек деген пікір көптеп айтылып жатыр. Бұл xалықтың басым көпшілігінің тілегі! Бірқатар елдерде педофилдерге өлім жазасы қолданылып жатыр.

    Құрметті Елбасы, Сізден ұлтымыздың болашағы - балаларымыздың тағдырына жанашырлық танытып, аталған қылмыстарды жасаған педофилдерді қатаң түрде жазалауды, яғни ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА кесуді заңға енгізуді еліміздегі Аналардың атынан, жалпы көпшіліктің атынан сұранамыз». 

Аxатова Ләззат Кендебайқызы 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір