• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:39:43
Алматы
+35°

23 Ақпан, 2018 Аймақтар

Алматы облысының әкімі жетім қызға пәтер сыйлады

Бұл жөнінде облыс басшысының орынбасары Жақсылық Омар Фейсбуктегі өз парақшасында жазды

Бұл жөнінде облыс басшысының орынбасары Жақсылық Омар Фейсбуктегі өз парақшасында жазды.

«Өткенде «Жетісу» телеарнасының «Болмыс» бағдарламасында Гүлім Нүркебаеваның тағдырын естіген ел егілді. Содан кейін арнайы Аналар үйіне барып, таныстым. Бар жағдайдан хабардар болған облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Гүліммен кездесіп, Талдықорғаннан пәтер берді. Сәбиімен 6 айлық реабилитациядан өткеннен кейін өз үйіне ие болады», – деп жазған Жақсылық Омар.

Алматы облысы

Гүлім Нүркебаева Кербұлақ ауданында дүниеге келген. Ол 12 жасынан бастап сіңлісі екеуі балалар үйінде өскен. Анасынан ерте айырылған. Әкесі жайлы мүлде білмейді. Бала күінне әке-шешесі айырылысып кеткен. Есейген соң әр жерде жұмыс істеп, колледжде білім алған.

24 жастағы Гүлім Нүркебаеваның айтуынша, алты жыл бір жігітпен кездесіп жүрген. Алайда оның ата-анасы жетім қызды келін қылуға түбегейлі қарсылық танытыпты.

«Менің туыстарым бар, мына жетім қызды келінім деп елдерге қалай көрсетемін. Егер осы қызға үйленетін болсаң, мен анаңмен ажырасып кетемін. Тойымызға үш күн қалғанда әкесі осылай қарсылық білдірді», – деген болатын «Болмыс» бағдарламасы барысында Гүлім.

Аяғы ауыр екенін айтып жігітінің үйіне барғанымен ата-анасы түннің бір уағында үйінен қуып шыққан. Кейін амалы таусылған соң Гүлім Аналар үйіне барған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір