• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:15:12
Алматы
+35°

10 Қазан, 2018 Саясат

Алматы облысының әкімі 2 млрд теңге ретінде әлеуметтік көмек береді

Алматы облысы өз тұрғындарына «7-20-25» тұрғын үй сертификаттарын беруді бастайды.

Мемлекет Басшысы  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы аясында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Алматы облысы өз тұрғындарына «7-20-25» тұрғын үй сертификаттарын беруді бастайды. Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен  «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков тиісті Меморандумға қол қойды.

Осылайша, аймақ тұрғындары 2 млрд теңге көлемінде әлеуметтік көмек алады. 

"Алматы облысының әкімдігіне бастапқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік бастамаларға дер кезінде қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Еліміздің қалалары мен облыстарында тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру басталып кетті. Мемлекет басшысының тапсырмасын уақытылы орындау ипотекалық бағдарламаға үлкен серпін беретін болады», - деді «Баспана» Ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Сондай-ақ Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде «7-20-25» бағдарламасы үшін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынатындығын хабарлады. 

Естеріңізде болса, бастапқы тұрғын үй бойынша ұсыныстарды көбейту мақсатында «Баспана» Ипотекалық ұйымы жергілікті атқару органдарына 150 млрд теңге бөлген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір