• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:56:46
Алматы
+35°

13 Қыркүйек, 2018 Әлеумет

Алматы облысының әкімдігі Сөгетідегі жағдайға байланысты жауап берді

2018 жылдың 12 қыркүйегінде ішкі істер органдарына қайта арыз беріліп, құбырларды қазуға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтату бойынша шара қабылданды.

"Амандық мырза, ауылыңызды кім тонап жүр" деген материал бүгін "Қамшы" бетінен жарық көрген болатын. Қаламы қарымды журналист Сансызбай Нұрбаба Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Сөгеті ауылы тұрғындарының су құбыры мәселесі бойынша дүрлігіп жатқанын, жергілікті қазақтың наз-өкпесін облыс әкімі Амандық Баталовқа жеткізуді парыз деп біліпті. Біз де малмен күн көріп отырған халықтың жанайқайын жоғары жақтағыларға жеткізу жолында себепкер болуды жөн деп шештік. Қуанышымызға орай, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел редакция поштасына аталмыш мақалаға қатысты жауап жіберіп отыр. Оны оқырман назарына ұсынамыз:

"Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратына 2018 жылдың шілде айының 28 күні ауыл тұрғындарынан мал суғаруға арналған су құбырларының бөлшектеніп шығарылғаны туралы ақпарат түсті. Аталған мәселе бойынша ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері, жергілікті учаскілік инспектормен бірге орынға шығып, 800 метр су құбырларының қазылғандығын анықтады. Сол уақытта, заңсыз жасалған әрекет бойынша акт әзірленіп, барлық ақпараттар полиция бөлімшесіне тапсырылды. Уақытша сақтау үшін аталған құбырлар ауылдық округі әкімімен алынды, Ішкі істер бөліміне арыз берілді.

Анықталған жайт бойынша полиция бөлімшесімен сотқа дейінгі алдын-ала тергеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, белгісіз азаматтармен құбырларды қайта бөлшектеп алу әрекеті қайталанды. Бұл тұста ауылдық округ әкімімен 2018 жылдың 12 қыркүйегінде ішкі істер органдарына қайта арыз беріліп, құбырларды қазуға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтату бойынша шара қабылданды.

Қазіргі уақытта заңсыз құбырларды бөлшектеп алу бойынша жүргізілген жұмыстар тоқтатылып, аталған жайттың ұйымдастырушыларын және қылмыстың мүшелерін ұстау бойынша Ішкі істер органдарымен арнайы іс-шаралар өткізілуде. Көрсетілген залал әрекеттер бойынша, сонымен қатар жерді қалпына келтіру жұмыстары айыпты жақ тарапынан қарастырылатын болады".

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір