• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:30:37
Алматы
+35°

«ҮнсізҚалма» қозғалысының негізін қалаушы Дина Смаилова 9 жасында зорланған Алматы облысы тұрғынының жантүршігерлік оқиғасын жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін 9 жасында туысқаны зорлаған қыздың апасы келді. Оның айтып берген оқиғасы мені қатты таңқалдырды. Бұл – өте қорқынышты жағдай. Оқиғада айтылған есімдерді атамай-ақ қойғаным дұрыс болар. Бұл – шынайы ақпарат. Оны бәрі білуі керек деп ойлаймын», - деп жазады Дина Смаилова.

Зардап шеккен қыздың апасының айтуынша, оның әке-шешесі екі рет айрылысып, екі рет қосылған.

«Мен олармен жиі көріспегендіктен, немеремді де сирек көретінмін», - дейді ол.

2014 жылы немересі апасынан өзін алып кетуін сұраған. Өзінің жасынан кішкентай көрінетін қыздың денесінде көгерген іздер, жаралар болды. Түн ішінде жылап, біреумен төбелесіп, шошып оянатын болды», - дейді қыздың апасы.

Атасы мен апасы немересінің денсаулығын қалпына келтіру мақсатында азық-түлік, пайдалы витаминдер беріп, барынша  қамқор болуға тырысқан. Өкіншке қарай, жеткіншек қыз ешқашан сауда-ойын-сауық орталықтарында болмаған, ешқашан өзіне киім таңдап көрмеген. Арада біраз уақыт өткенде қыз қатты ауыра бастаған. Апасы оны гинеколог дәрігерге қаратқан. Сол кезде қыз жылап, өзінің басынан өткенін баяндап берген. 9 жасында зорланғанын дәрігердің көзінше айтқан. Дәрігер қызды тексеріп, оның сөзін растаған.

Апасы келінін шақырып, оған бәрін айтып бергенде қыздың анасы еш таңқалмапты. Осы кезде қыздың апасы зорлау фактісі бойынша полицияға және ата-ана құқығынан айыруға сотқа арыз берген.

Қыз көптеген ауруға шалдыққандықтан, оның жатырын алдыру қаупі туындайды. Ресей мамандары қымбат әрі ұзақ уақыт жүргізілетін медикаментоздық ем қабылдауды ұсынған. Әзірге ешқандай ота жасалмаған.

«Зорланған қыз 10 жасынан бастап анасына қатты ауырып жүргенін айтқан. Дәрігерлер УДЗ жасатып, гинекологқа қаралуға кеңес берген. Алайда анасы олардың ұсыныстынан бас тартқан екен. Соған қарағанда, қызының баснынан өткен жағдай туралы дәрігерлер білсе, шу шығарады деп ойлаған болуы керек. Ал бала болса төрт жыл бойы осы ауырсынуға төзіп келген», - дейді қозғалыс жетекшісі.

Қыздың айтуынша, анасы оған дәрі егіп ұйықтатып тастайтын. Келесі күні: «Түнде не болғаны есіңде бар ма?», - деп сұрайды екен. Қыздың есіне қалғаны – анасы оны белгісіз пәтерлерге апаратын. Сол пәтерлерде ол қызына ер адамдарға арақ құйғызған. Ал үйде анасының інісі мен әкесі, әпкесі мен оның күйеуі бірге тұрған. Барлығы ащы суға құмар болса керек.

Қыздың айтуына қарағанда, оны 9 жасында нағашы атасы зорлаған. Ескі сарайға апарып, аяқ-қолын байлап тастаған екен. Сол оқиғадан кейін оны байланған күйі сарайда қалдырып кеткен. Үйіне әлсіреп, әрең жеткен қыз анасына денесіндегі қанның іздерін көрсетіп, бәрін айтып берген. Алайда оның анасы қызына бұл оқиға жайлы ешкімге тіс жармауды. Тіпті, қызды анасының інісі де зорлмақ болған екен. Алайда анасының әпкесі келіп, араша түскен. Сондай-ақ нағашы атасы да, қыздың айтуына қарағанда, онымен бірге ұйықтап, түртпектеп, тиісіп жүрген.

Полиция бұл істі үш рет жауыпты. Қызға алты рет сараптама жасаған, тергеуден өткен. Қыздың апасы немересіне қамқоршы болған.

«Полиция қыздың жауабын жеткіліксіз деп есептеп отыр, ал психологиялық сараптама қыздың айтқандары ойдан шығарылмаған деген тоқтамға келіп отыр. Тергеуші күдіктіге жасалатын психологиялық сараптаманы болдыртпай тастаған. Қазір іс Зағипа Балиеваның бақылауында. Біз хат пен құжаттарды оның атына жібердік. Олар, тиісінше, Бас прокуратураға жолданған, енді егжей-тегжейлі тергеу жүргізіледі», - деді Дина Смаилова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір