• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:26:49
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2019 NEWS

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Жол апаты болған сәтте жолаушы орнында кішкентай бала отырған. Toyota Corolla жүргізушісі мен балақай бірден ауруханаға жеткізілген.

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Toyota Corolla көлігі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен көліктің кесірінен аударылып қалған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

 Toyota Corolla жүргізушісінің сөзінше, ол Іле трактімен Покровка аулының маңында солтүстік бағытта келе жатқан. Алайда, оның алдынан кенеттен жолдың қарама-қарсы бетіне өтіп кеткен көлік шыға келеді.

 Toyota тізгініндегі бойжеткен соқтығысуды болдырмас үшін көлігін жолдың шетіне қарай бұрын жіберген. Нәтижесінде темір тұлпар жол белгісіне соғылып, артынан Audi көлігін сырып өте аударылып қалған.

 Анықталғандай, бұл сәтте жолаушы орнында кішкентай бала отырған. Toyota Corolla жүргізушісі мен балақай бірден ауруханаға жеткізілген. Абырой болғанда екеуінің жарақаты аса ауыр болмаған. Алайда, олар әлі де мең-зең күйінде екені белгілі болды.

Жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, апатты жағдай тудырған көлік жүргізушісі бірден оқиға орнынан ізін суытқан.

 Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір