• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:50:07
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2019 Аймақтар

Алматы облысында көп балалы отбасыларға арналған 2 қабатты үйлер салынады

Бұл туралы өңір басшысы Амандық Баталов тұрғындар алдында жасаған есебінде баяндады

Алматы облысында көпбалалы отбасыларға арналған 2 көпқабатты үйді жобалау жұмыстары басталды. Бұл туралы өңір басшысы Амандық Баталов тұрғындар алдында жасаған есебінде баяндады.

«7-20-25» бағдарламасы аясында көпбалалы аналарға 1 млн теңгелік тұрғын үй сертификаттары бөлінетін болды. Өңір басшысы сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға табиғи газға қосылуға жеңілдіктер қарастырылып, 16 мың жеке үйге улы газды анықтайтын құрылғылар орнатылатынын айтты.

«Мұнан бөлек жағдайы төмен отбасылардың балалары 100 пайыз мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады. Сонымен қатар көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыдан шыққан мектеп бітірушілерге жоғары оқу орындарына 100 грант бөлінеді. Қазіргі таңда осындай грантпен 246 студент білім алуда. Көпбалалы аналардың қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі қаралып жатыр»,  - деді Амандық Баталов халық алдында берген есебінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір