• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:38:38
Алматы
+35°

05 Қыркүйек, 2017 Спорт

Алматы облысында футболдан ҚР Президентінің кубогы өтіп жатыр

Халықаралық жасөспірімдер турнирі осымен 10-шы рет ұйымдастырылып отыр. Мерейтойлық жарысқа 17 жасқа дейінгі футболшыларын әкелген сегіз команда қатысуда

Алматы облысы Талғар қаласындағы Қазақстан футбол федерациясының құрама командалар базасында футболдан «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» өтіп жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Халықаралық жасөспірімдер турнирі осымен 10-шы рет ұйымдастырылып отыр. Мерейтойлық жарысқа 17 жасқа дейінгі футболшыларын әкелген сегіз команда қатысуда.

Кеше Талғардағы ұлттық құрама базасында халықаралық Президент кубогы додасы басталып, бірінші турдың ойындары аяқталды. «А» тобында Қазақстан Қырғызстанды 1:0 есебімен жеңсе, Грузия 5:0 есебімен Албаниядан басым түсті. «В» тобында Қазақстан-2 командасы Тәжікстаннан 0:6 көрсеткішімен ойсырай ұтылып, Ресей 2:0 есебімен Өзбекстанды жеңді.

Турнир күнтізбесі:

4 қыркүйек, дүйсенбі - 1 ойын күні (Талғар қаласының жиын базасы)

10:00 Қазақстан-2 - Тәжікстан (0:6)

12:00 Албания - Грузия (0:5)

14:00 Ресей - Өзбекстан (2:0)

17:30 Қазақстан - Қырғызстан (1:0)  

5 қыркүйек, сейсенбі - 2 ойын күні (Талғар қаласының жиын базасы)

10:00 Ресей - Қазақстан-2 ( №2 алаң)

12:00 Грузия - Қырғызстан ( №1 алаң)

14:00 Өзбекстан - Тәжікстан ( №2 алаң)

17:30 Қазақстан - Албания ( №1 алаң)  

6 қыркүйек, сәрсенбі - Демалыс күні

7 қыркүйек, бейсенбі - 3 ойын күні (Талғар қаласының жиын базасы)

10:00 Өзбекстан - Қазақстан-2 ( №2 алаң)

12:00 Қырғызстан - Албания ( №1 алаң)

14:00 Тәжікстан - Ресей ( №2 алаң)

17:30 Қазақстан - Грузия ( №1 алаң)  

8 қыркүйек, жұма - Финал

10:00 7-8 орын үшін матч

12:00 5-6 орын үшін матч

14:00 3-4 орын үшін матч

18:00 Ақтық матч (Алматы қ. Орталық стадион).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір