• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:48:51
Алматы
+35°

29 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

Алматы облысында азаматтық некедегі күйеуі әйелін пышақтап өлтірді

Пышақпен бірнеше рет ішінен ұрыппын, шамамен қанша рет ұрғаным есімде жоқ, - дейді күдікті

Алматы облысында азаматтық некедегі күйеуі әйелін бірнеше жерден пышақтап, айуандықпен өлтіріп тастады. Тергеу мәліметінше, ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжің дастарханның үстінде басталған. Араққа сылқия тойып алған олар сөзге келіп қалып, араларында дау-дамай туындаған. Сол сәтте ашуға булыққан ер адам келіншегіне пышақ ала жүгіріпті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен оны қуып жетіп, ішінен ұруды ойладым. Бірақ қолымда пышақ болған екен. Сол пышақпен бірнеше рет ішінен ұрыппын, шамамен қанша рет ұрғаным есімде жоқ» - дейді күдікті. 

Қайғылы оқиға Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылында болған. Елді- мекендегі жер үйлердің бірінен көптеген пышақ жарақатын алған 37 жастағы баспана иесінің жансыз денесі табылған. Қаскүнем оның бетін де аяусыз тілгілеп тастаған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 45 жастағы ер адам ол әйелмен заңды некеде болмаған, алайда бірнеше жылда бері бірге тұрып келіпті. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99- бабына сәйкес, адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнынан табылған қылмыс құралы болуы мүмкін деген ас үй пышағы тәркіленді. Тәркіленген пышақ қазіргі таңда іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді» - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айгерім Көпбаева.  

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір