• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:10:44
Алматы
+35°

06 Тамыз, 2018 NEWS

Алматы облысында ат жарысы өтті

Атпен жүру жарысына қатысушылардың межеге жету уақытына шектеу болған жоқ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы және қазақстандық танымал тұлғалар Алматы облысында өткен атпен жүру жарысына қатысты. Танымал мемлекет қайраткерлері, бизнес өкілдері және спортшылардың қатысуымен Алматы облысының тауларында кең көлемді атпен жүру жарысы болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

        Алакөл ауданының Лепсі ауылында республикалық деңгейдегі атпен жүру жарысына қатысушылар 1 500 метр биіктікте орналасқан Жамантас жайлауына дейін Жоңғар Алатау тауларының шатқалдарымен 50 км қашықтықта атпен жүріп өту үшін жиналды.

            Қатысушылар арасынан ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы облысының әкімі Жақсылық Омаров, Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев, «Қазмұнайгаз» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев, кәсіпкер, меценат «Zhersu» инвестициялық-өндірістік қадағалау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов, кәсіпкер Эдуард Ким, грек-рим және еркін күрес бойынша Қазақстан федерациясының вице-президенті Ерлан Кожасбай, сондай-ақ   2004 жылғы бокс бойынша олимпиада чемпионы, Вэла Баркер Кубогының иегері, Astana Arlans бокс клубының бас менеджері Бахтияр Артаев, боксшы Қанат Ислам,
2008 жылғы грек-рим күресінен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев сынды атақты спортшыларды  байқауға болады.              

          Атпен жүру жарысына қатысушылардың межеге жету уақытына шектеу болған жоқ, алайда алғашқы салт аттылардың бірі белгіленген жерге  4 сағаттан астам уақыт өткенде барып жетті. Тіпті атпен жүруге алдын-ала дайындалған қатысушылар барлық жолдармен жоғары қарай көтерілудің  өзі асқан қырағылықты қажет ететін қиын сынақ болғанын жасырмады. Жолсыз жерлерде жүретін бақылаушы көліктер тік жартастарға ұласа беретін беткейлермен жағалай жүріп келе жатқан салт аттылардың ізімен қиындықпен жүріп отырды.

          Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің құттықтау сөзінде мұндай саяхатқа шығудың мақсаты – ежелгі  ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін көпшілік қауымға және шетелдіктерге кеңінен таныстыру екенін айрықша атап айтты.

          Бауыржан Оспанов атпен жүру жарысын ұйымдастыруда белсенділік танытты. Ол мұндай спорттық шаралардың ұйымдастырылуы  еліміздің сұлу табиғатын әлемнің барша халқына паш етуге септігін тигізетінін   айтты. Алакөл жағалауында дуатлон бойынша өткен жарысты мысал ретінде келтірді. Оның пікірінше, бір мезетте осындай атпен жүріп өту жарысы қазақ халқының дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік береді.     

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір