07 Желтоқсан, 2018 Аймақтар
Алматы базарлары жаңартылуда
Қазіргі кезде қаладағы 57 базардың 17-і жаңартылды, жыл аяғына дейін тағы алтауы модернизацияланбақ
Қазіргі кезде қаладағы 57 базардың 17-і жаңартылды, жыл аяғына дейін тағы алтауы модернизацияланбақ.
«Сауда алаңдарын легализациялау жалғасуда. Жалға алу мерзімінің аяқталуы себепті сегіз базар жұмысын тоқтатады, ал қалған 26-ы 2020 жылдың соңына дейін модернизацияланады. Яғни, ешқандай контейнер алаңдары болмайды, касса аппараттары жұмыс істейді», - деп мәлімдеді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.
Айта кетсек, қалада пәтерлерін жалға беретін 2 мыңнан астам салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде есепке алынды. Жалпы жеке кәсіпкер ретінде 18 мыңнан астам жеке тұлға тіркеліп, 8 мыңнан астам жалдамалы жұмысшы заңдастырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір