• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:09:09
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2019 NEWS

Алматы әкімі: Таза ауа қажет болса, ластамаңыздар!

Алматы әкімі Бауыржан Байбек есеп беру жиыны кезінде қала тұрғындарының лас ауа туралы сауалдарына жауап берді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек есеп беру жиыны кезінде қала тұрғындарының лас ауа туралы сауалдарына жауап берді.

«Қаладағы автотұрақтарды азайта бастаған едік, басымыз дауға қалды. Біреулер машина бер дейді, біреулер көлікті кіргізбе дейді. Біреу тез жүргім келеді дейді, біреу таза ауа керек дейді. Мен қайдан алам таза ауаны? Өзің ауаны ластама. Мен де сол лас ауамен демалып жатырмын. Қазір жөтеліп отырмын, аллергиям бар. Балаларым үшін де, жақындарым үшін де алаңдаймын. Алматы тұрғыны ретінде алаңдаймын», - деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, Алматы ауасының ластануына 70 пайыз көліктердің бөлетін улы газы себеп болып отыр. Сондықтан, 10 шараның 7-сі көлік санын азайтуға бағытталған.

«30 жолайрық салынды. Көліктер азайды ма? Керісінше, ыңғайлы жағдай жасаған сайын көлік саны көбейе түседі. Қаланың кедей тұрғындары көлікпен жүретін қала бақуат емес, керісінше жағдайы жақсы адамдар автобуспен жүретін қала бақуатты. Біздің міндет - бәрін автобусқа отырғызу», - деді ол.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір