• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:57:28
Алматы
+35°

15 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Алматы әкімі қалалықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты жиын өтті

Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысының Жарлығына сай мегаполис әкімі Бауыржан Байбек еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік марапаттарды тапсырды.

«Біздің Президентімізбен бірге тәуелсіз Қазақстан өзінің Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін, ұлттық валютасын қабылдады, Еуразия жүрегінде жаңа астананы құрды. Астана – Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігі, еліміздің тарихына алтын әріптермен мәңгілікке жазылып қалады. Алматы - тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Мемлекет басшысының ерекше назары мен қолдауы арқасында қала экономикасы тұрақты өсуде. Егер тәуелсіздіктің бастауында еліміздің ІЖӨ небәрі 10%-ды құраса, ал қазір Алматының өзі экномиканың бестен бір бөлігін қалыптастыруда», - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Бауыржан Байбек.

Ол қазіргі кезде мегаполистің тұрақты даму Мақсаттарына, ОСЭР стандарттарына және үздік әлемдік практикаға жүгінетінін айтты. Кеше ғана қала мәслихатында бекітілген Алматының келер жылғы бюджеті Мемлекет басшысының Жолдауын және «Алматы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға негізделген. Яғни, нақтылы бюджеттің 40%-ы әлеуметтік саланы, 23%-ы қоғамдық көлік, жол инфрақұрылымы жобаларын, қала көшелерін реконструкциялауды қаржыландыруға жұмсалады.

Салтанатты жиын барысында Мемлекет басшысының Жарлығымен 110 алматылыққа мемлекеттік марапаттар тапсырылды, олардың арасында білім, мәдениет, денсаулық сақтау, бизнес пен өнеркәсіп салаларының өкілдері бар. Бұлардан өзге, азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сонымен қатар көлік, құрылыс, энергетика және қаржы саласының мамандары жоғары марапаттарға ие болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір