• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:25:50
Алматы
+35°

04 Шілде, 2017 Аймақтар

Алматы әкімдігі балаларға гольф ойнауды тегін үйретпек

Гольф - спорттық ойын, 2016 жылы Олимпиада ойындарына енгізілді

Алматы қаласының әкімдігі мен «Нұртау» гольф-клубы бірлесіп, 6-13 жас аралығындағы жасөспірімдерге гольф ойнауды тегін үйретпек, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпқой бапкерлер күн сайын - дүйсенбіден жұмаға дейін, топтарға бөлінген балалар арасында шеберлік сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар, қатысушылар өздеріне ыңғайлы уақыт пен күнді таңдап, аптасына екі рет бір сағаттан жаттыға алады.

«Сабақтар ақысыз өткізіледі. Барлығын керекті жабдықтармен өзіміз қамтамасыз етеміз. 6-13 жас аралығындағы жеткіншектер бізге келіп, гольф ойынының әдістерін меңгере алады. Қазірдің өзінде 300 бала түрлі қала аудандарынан келіп, қызуғышылығын танытып жатыр. Біз қатысушылар санын көбейтпекпіз, мақсатымыз - гольфты елге таныту. Қаланың барлығын қамтып, жақсы ойыншыларды іріктейміз», - деп атап өтті балалар академиясының бас бапкері Александр Вонгай.

Оның айтуынша, гольф еліміз үшін жас спорт түрі, енді ғана дамып келеді. Алайда, елімізде жастар үлгі тұтарлық гольф шеберлері аз емес. Мәселен, халықаралық сайыстардың чемпионы Дәулет Тілеубаев. Ол қазір АҚШ-та жаттығу үстінде.

Гольф - спорттық ойын, 2016 жылы Олимпиада ойындарына енгізілді.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты Nurtau.kz сайтынан білуге болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір