• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:24:17
Алматы
+35°

06 Қаңтар, 2017 Әлеумет

«Алмас қылыштың» қазақ тіліндегі сеанстары 18-ден 30-ға көтерілді

5 қаңтардан бастап  кинотеатрлардан  көрсетіліп жатқан  "Алмас қылыш" фильмінің қазақша нұсқасының көрсетілімі көбейгенін қуана...

5 қаңтардан бастап  кинотеатрлардан  көрсетіліп жатқан  "Алмас қылыш" фильмінің қазақша нұсқасының көрсетілімі көбейгенін қуана хабарлаймыз. Кеше ғана көрерменге жол тартқан аталмыш фильмнің қазақ тіліндегі сеансы аз екенін және оның өзі күндізгі уақытқа қойылғанын "Қамшы порталы" жазған еді. "Алмас қылышты" түсірген "Қазақфильм" АҚ пен киноны прокаттаумен айналысатын «Sulpakcinema» компаниясы кинотеатр басшыларына фильмнің қазақша нұсқасының көрсетілімін арттыруды сұрап хат жолдайтындарын айтқан. 

 Бүгін «Алмас қылыш» фильмінің қазақ тіліндегі сеанстары 18-ден 30-ға көтерілді. Барлығы  83 сеанстың ішінен тек 30-ы қазақ тілінде көрсетілгені аздық етеді әрине. Десек те, жағымды өзгерістер орын алды. Келешекте бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір