«Алмас қылыш» киносында жіберілген қателіктер

«Алмас қылыш» киносында жіберілген қателіктер

«Қазақ хандығы: алмас қылыш» фильміндегі 20 тарихи қателік:

Ильяс Есенберлиннің 1971 жылы жарық көрген «Алмас қылыш» атты романы кейін «Көшпенділер» трилогиясының бірінші бөлімін құраған. Ол Қазақ хандығы құрылуы туралы фильмге әдеби негіз болды. «Көшпенділер» бойынша кино түсіру талпыныстары бұдан да бұрын болған. Трилогияның «Жанталас» атты екінші бөлімі «Көшпенді» фильміне әдеби негіз болды. «Көшпенді» фильмі сапасы нашарлау өнім деп танылды, бірақ екінші тылпыныс біріншіден де сәтсіз болып шықты. Кезінде «Көшпенділер» трилогиясы Қазақстан жазушылары арасындағы «бәйгенің» басын алған болатын. Бұл трилогия Қазақстан және Қазақ ССР-інің бүкіл өмір сүру уақытындағы ең танымал әрі кең таралған туынды болуы әбден мүмкін.

Ильяс Есенберлиннің кітабын классикаға айналған сапалы туынды деуге болса (бірқатар тарихи қателеріне қарамастан), оны экранда жандандыру әрекеттері ауладағы жігіттердің Моцарт не Бетховенді ешбір аспапсыз қолда бар нәрсемен ойнау әрекеттеріне құсайды.

Бұл пікірімізде фильмнің көркемдік жағын емес, тарихи қателіктерін қарастырамыз. Кей тарихи сәйкессіздіктерді Асқар Құмыран Фейсбуктағы парақшасында атап өтті. Сонымен қатар кей тарихшылар да фильмнің шынайылығына қатысты өз пікірлерін айтты.

Дегенмен, біздің ойымызша, фильмнің ең маңызды тарихи қателіктерінің бір бөлігі айтылмай кеткен. Фильмде тарихи қателіктер жетерлік, бірақ біз тек оның 20-сына тоқталамыз. Кеттік:

1. Асан қайғы (қос өркешті түйедегі қария) фильмде Жәнібек пен Керейдің замандасы ретінде көрсетілген. Бірақ тарихшылардың көбісі оны 1342-1357 жылдары билік еткен Әз-Жәнібектің замандасы болған деп санайды.

2. «Ақ Орда» ұғымы ескі сәбеттік дәстүр бойынша мемлекет ретінде көрсетілген. Бірақ негізінде ол мемлекеттің атауы емес, Жошы ұлысы билеушілерінің ордасы болатын.

3. Тулар. Фильмдегі Қазақ хандығының байрағын 1980 жылы түрік суретшісі ойлап шығарғаны туралы Асқар Құмыран өз мақаласында айтып кетті. Басқа тулар да солай. Әсіресе 1979 жылға дейінгі Иранның туына ұқсайтын Моғолстанның туы.

4. Бір тараптан Керей мен Жәнібекпен, ал екінші тараптан Есенбұғамен келісімшартқа қол қойылуы толық ойдан шығарылған үзінді. Осыдан шығатыны, Есенбұғаның ұлы Досмұхаммед болмаған келісімшартты бұзуы мүмкін емес.

5. Өзтемір тайшы ойраттарымен болған шайқас қате көрсетілген. Біріншіден, бұл шайқасқа Жәнібек те, Керей де қатыспаған. Екіншіден, бұл шайқас Әбілқайырдың жеке қасіреті болатын. Себебі онда оның қатты жақсы көретін ұлы Ахмет пен інісі Бақтияр қаза тапқан. Сонымен қатар Керей мен Жәнібектің 1465 жылы Өзтемір тайшы мен ойраттарға қарсы соғыс жүргізгеніне ешқандай дәлел жоқ.

6. Әбілқайырды фильмде Әбілқайыр Шайбан немесе Шайбан деп атайды. Тарихта бұл Әбілқайырдың Шайбан деген есімі не қосымша атағы болмаған. Шайбани деп оның немересін атаған, алайда фильмде оның есімі де қате берілген. Ал егер басқа тұсынан қарасақ, Әбілқайыр ханның атасының есімі Шибан болған, бірақ бұл оның есімінің бір бөлігі емес.

7. Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбанидің (немесе Әбу-л-фатһ Мұхаммад) фильмде Шах-Мұхаммед деп аталуы қате.

 

8. Фильмде Мұхаммед Шайбани 1450 жылдардың екіші жартысында үлкен азамат ретінде көрсетілген, алайда қайнарларға (дереккөздерге) сүйенсек, ол уақытта оның жасы 10-нан үлкен болмаған. Өйткені ол 1451-52 жылдары туған.

9. Мұхаммед Шайбани әкесінің жалғыз ұлы ретінде көрсетілген. Бірақ оның Махмұд деген бауыры болған. Фильмде оны үш жасар кезінде Өзтемір тайшыға аманат ретінде тапсырады.

10. Әбілқайырдың ұлы Хайдар деп аталады. Негізі оның есімі Шейх-Хайдар. Ұсақ қателік болса да, қателік.

11. Қасым 1458 жылы жас жігіт болып көрсетілген. Негізінде ол сол сәтте жасөспірім болған. Мұхаммед Хайдар Дулатиға сүйенсек, 1513 жылы Қасымның жасы 60-тан үлкен, бірақ 70-тен кіші болған (жетпіске жақын), яғни ол 1443 жылдан бұрын емес және 1453 жылдан кейін емес уақыт аралығында туған. Бұл шамамен 1444-1448 жылдар. Осылайша 1458 жылы оның жасы 10 мен 14 аралығында болған.

12. Жәнібек пен Керейдің 1450 жылдары Әбілқайыр ханға бағынышты болғаны туралы барлық эпизодтар шындыққа сәйкес емес. Нұрлан Кенжеахмет ғылыми қолданысқа енгізген қытай қайнарларының жаңа деректері бойынша Керей мен Жәнібек 1447 жылы Моғолстанға көшіп қойған, ал Әбілқайыр ханға бағынышты деп олар бір де бір рет аталмаған.

13. Нәтижесінде, Жәнібек Әбілқайыр ханды саят құрып жүргенде ешқашан құтқармаған.

14. Рәбия Сұлтан-Бегім 1450 жылдары Жәнібекпен кездеспеген әм Жәнібек оған еш сыйлықтар жасамаған. Сонымен қатар, Рәбия Сұлтан-Бегімнің Жәнібекке сыйға тартқан кітабы орта ғасырда ондай пішінде болуы мүмкін емес. Бұл кітап ежелгі стильге келтіріліп жасалған қазіргі заман бұйымына құсайды.

15. Жоғарыда аталған мәліметке сүйенсек, Жәнібек пен Керей 1459-60 жылдары Әбілқайыр ханнан көшіп кетпеген (бұл гипотеза аясында түрлі нұсқалар мен пайымдаулар бар).

16. Ноғай әміршісі Мұса 1460 жылдары фильмде көрсетілгендей кәрі болмаған. Ол уақытта ол ондай дәрежедегі күші бар ел басшысы аталмаған, ал ел билеушісі оның ағасы Аббас болған.

17. Арғын Ақжол және Қыпшақ Қобыланды Жәнібек пен Керейдің замандастары болмаған. Ақжол XV ғасырдың басында, яғни 1450 жылдардан жарты ғасыр бұрын сүрген. Бірінші Қобыланды да солай, ал екінші Қобыланды суреттеліп отырған оқиғадан жарты ғасыр кейін сүрген.

18. Албан, Суан, Жалайыр, Шапырашты және Дулат рулары Моғолстанды мекен еткен деп көрсетілген. Бірақ Моғолстанда тек Дулат руы ғана өмір сүргені шүбесіз мәлімет. Ол Дулаттарды қазақ Дулаттарымен бір деп саналады, ал басқа рулар ол жерді мекендегені туралы дерек жоқ. Мысалы, Жалайырлар Керей мен Жәнібекке де, олардың бабасы Орыс ханға да қызмет еткен.

19. Қазтуған жырау. Қазіргі ілімге сәйкес Қазтуған жырау XVII ғасырда өмір сүрген және XV ғасырдағы Керей мен Жәнібектің замандасы болуы мүмкін емес. Яғни, оның Ноғай билеушісі Мұсаның ордасынан да көшіп кетіп, қазақтарға қосылғаны да ойдан шығарылған нәрсе.

20. Шалкиіз жырау. Фильмде оны Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың отауында шамамен 1465 жылы туған деп көрсетеді. Шындығында оның туған жылы белгісіз, ал Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың арасында туғаны туралы еш дерек жоқ. Бұл кейіпкердің Үлкен орда әміршісі Едіге ұрпағы Темірге жақын болғаны ғана белгілі.

Әрине, көптеген қателіктер режиссер мен сценристердің әдеби негіз ретінде Ильяс Есенберлиннің романын алып отырғандығынан болып тұр. Ол туындының қазіргі тарих ілімі тұрғысынан қарағанда біраз жерлері тарихи шындыққа сәйкес келмейді. Бірақ мұндай жағдайларда фильм тарихи шындыққа барынша жақын болу үшін «тарихи кеңесші» маманы шақырылады. Фильмді түсіргендер бұл жерде не немқұрайлық танытып, тарихи кеңесші ретінде біліксіз маманды қойған, не Ильяс Есенберлинді өз туындысында қателік жібермеген деп, тарихи кеңесішіге мүлде жүгінбеген. Не де болса, тарихи көзқарас тұрғысынан «Қазақ хандығы: алмас қылыш» фильмінің көптеген сәттері шындыққа сәйкес емес.

yvision.kz

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 2 жыл бұрын

    Кино көркем туынды. Ол тарихи оқиғаларды жалпы ғана желіге (композицияға) алады. Фильмнің "ана жері, мына жері тарихқа сәйкес келмеді" деп түсінудің қисыны жоқ. Сондай ақ, біздің орта ғасырдағы тарихымызда "ертегі аңыз" тәрізді, әлі нақты ғылыми дәлелденген ештеңе жоқ. Анығын айтқанда, жоғарыдағы "Алмас қылыш" фильміне тағылған жиырма сын негізсіз. Фильмді мен әлі көрген жоқпын, бірақ фильмнің желісі логикаға сай болса, оқиғалар мен актерлердің ойыны көрермендердің көңілінен шықса, онда фильмнің оңды болғаны.
    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, жазушы

    • 2 жыл бұрын

      ол кино гой ,тарихи деректы фильм емес

      • 2 жыл бұрын

        Албан, Суан, Жалайыр, Шапырашты және Дулат рулары Моғолстанды мекен еткен деп көрсетілген. Моғолстанда бір ғана Дулат тайпасы мекендеген жоқ, Дулат ұйтқы болған Үйсіннің Албан, Суан, Жалайыр, Шапырашты, Ошақты, Ысты, Сарыүйсін тайпалары Моғолстанда жасағаны еш күман туғызбайды. Бірақ, ескеретін жағдай, Албан, Суан, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Сарыүйсін тайпалары бұл кезде біріңғай ҮЙСІН деп аталған. Билікте Дулаттар үстемдік еткендіктен жоғарыдағы тайпаларда Дулат болып аталды. Кейін 18 ғасырдан Үйсін тайпалары жеке-жеке Албан, Суан, Дулат, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Сарыүйсін болып аталынған.

        1
        Бекболат Тілеухан: Бұл күннің болары анық еді...
        20/03 01:45 0 1203
        2
        Назарбаев өзінің кеңесшісін тағайындады
        20/03 00:34 0 306
        3
        Назарбаев әлем мойындаған ұлы қайраткер ретінде тарихта қалды
        19/03 22:00 0 352
        Валентина Матвиенко: Келесі президенттің кім болатынын тек Қазақстан халқы шешеді (видео)
        19/03 21:03 0 2467
        Нұрсұлтан Назарбаевтың 19 наурызда жасаған үндеуі (толық нұсқасы)
        19/03 19:49 0 1098

        Таныстырылғандар

        Қарағандыда  45 жастағы ер адам тірідей өртеніп кетті
        Қарағандыда 45 жастағы ер адам тірідей өртеніп кетті
        Қарағандыда 45 жастағы ер адам тірідей өртеніп кетті
        "Кішкентай қыз үйге кіреберісте екінші қабаттағы сатыда тұр екен. Түсуге қорқып тұр. Астында от жанып жатты."
        Аудио тыңдау
        14/03/2019 11:05 0 942
        Вице-министр: Жайықтан өліп жатқан балық көрмедік
        Вице-министр: Жайықтан өліп жатқан балық көрмедік
        Вице-министр: Жайықтан өліп жатқан балық көрмедік
        Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай Жайық өзенінің бетіне қалқып шыққан өлген балықтарды дереу жинап, жойып жіберу керектігін айтты
        Аудио тыңдау
        14/03/2019 12:16 0 1420
        Асқар Жакулин атындағы биологиялық-зертханалық кабинет ашылды
        Асқар Жакулин атындағы биологиялық-зертханалық кабинет ашылды
        Асқар Жакулин атындағы биологиялық-зертханалық кабинет ашылды
        Бұл жайында Алмас Ахметбекұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
        Аудио тыңдау
        14/03/2019 12:37 0 428
        Ақтөбеде 5 балалы үй өртке оранды
        Ақтөбеде 5 балалы үй өртке оранды
        Ақтөбеде 5 балалы үй өртке оранды
        Көп балалы үй өртке оранып, анасы мен балалары әрең дегенде құтылып шыққан
        Аудио тыңдау
        14/03/2019 15:30 0 615
        Депутат: Балаларға кедергі болмай, қарттарға арналған үй салу керек
        Депутат: Балаларға кедергі болмай, қарттарға арналған үй салу керек
        Депутат: Балаларға кедергі болмай, қарттарға арналған үй салу керек
        "Балаларға кедергі келтірмес үшін, қартайғанда өз табысымызбен өмір сүруге кетеміз."
        Аудио тыңдау
        14/03/2019 16:42 1 560
        Үш күн той: Өскеменде Наурыз мейрамы жаңа форматта өтеді
        Үш күн той: Өскеменде Наурыз мейрамы жаңа форматта өтеді
        Үш күн той: Өскеменде Наурыз мейрамы жаңа форматта өтеді
        Шағын қазақ ауылында алтыбақандар орнатылып, салт-дәстүрлерді дәріптеуге арналған шаралар өткізіледі
        Аудио тыңдау
        14/03/2019 17:26 0 393
        Дариға Назарбаева ресейлік шенділермен қалай әзілдесті?
        Дариға Назарбаева ресейлік шенділермен қалай әзілдесті?
        Дариға Назарбаева ресейлік шенділермен қалай әзілдесті?
        Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Виктор Бондарев әріптесі Дариға Назарбаеваны өткен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
        Аудио тыңдау
        14/03/2019 18:18 0 1213
        Турист тартам десең, туалетіңді түзе!
        Турист тартам десең, туалетіңді түзе!
        Турист тартам десең, туалетіңді түзе!
        Әзірге, жобаға қанша қаражат кететіні белгісіз
        Аудио тыңдау
        15/03/2019 10:13 0 533
        Дариға Назарбаева: ДАИШ-тың келесі көздегені Қазақстан ба?
        Дариға Назарбаева: ДАИШ-тың келесі көздегені Қазақстан ба?
        Дариға Назарбаева: ДАИШ-тың келесі көздегені Қазақстан ба?
        Оның айтуынша, лаңкестердің қай бағытқа ойысатыны маңызды сұрақ болып тұр
        Аудио тыңдау
        15/03/2019 11:08 1 2695
        49 адамды өлтірген қандықол қылмыскердің желідегі соңғы жазбасы
        49 адамды өлтірген қандықол қылмыскердің желідегі соңғы жазбасы
        49 адамды өлтірген қандықол қылмыскердің желідегі соңғы жазбасы
        Тікелей эфирде бейбіт тұрғындарға оқ атқан террорист қолға түсті
        Аудио тыңдау
        15/03/2019 16:12 0 12488
        "Бұрын қазақшасына күлуші едім, енді орысшасы одан озып тұрмағанын байқағандаймын"
        "Бұрын қазақшасына күлуші едім, енді орысшасы одан озып тұрмағанын байқағандаймын"
        "Бұрын қазақшасына күлуші едім, енді орысшасы одан озып тұрмағанын байқағандаймын"
        Ел үшін күндіз күлмей, түнде кірпік ілмей қызмет еткен ондай ардақтылар ел қатарлы елу-алпыс мыңдық зейнетақыға телмірсе обал ғой.
        Аудио тыңдау
        16/03/2019 14:58 1 7113
        Халықтан сөз естіген бір топ шенеунік аяқтарына бахила киді
        Халықтан сөз естіген бір топ шенеунік аяқтарына бахила киді
        Халықтан сөз естіген бір топ шенеунік аяқтарына бахила киді
        Гүлшара Әбдіқалықова бастаған брі топ шенді Атырау облысына сапарлары барысында көп балалы отбасылардың үйін аралады
        Аудио тыңдау
        18/03/2019 10:15 0 6088
        Алматылық алаяқ әлеуметтік желі арқылы 6 миллион теңге пайда тапқан
        Алматылық алаяқ әлеуметтік желі арқылы 6 миллион теңге пайда тапқан
        Алматылық алаяқ әлеуметтік желі арқылы 6 миллион теңге пайда тапқан
        Алаяқтың артында 4 қылмыстық эпизод бар
        Аудио тыңдау
        18/03/2019 16:01 0 691
        Ақтөбедегі теракт кезінде жараланған полиция қызметкеріне баспана берілді
        Ақтөбедегі теракт кезінде жараланған полиция қызметкеріне баспана берілді
        Ақтөбедегі теракт кезінде жараланған полиция қызметкеріне баспана берілді
        Әлібек Жетіғарин полиция сапындағы еңбек жолы осылай тез аяқталады деп ойламағанын айтады.
        Аудио тыңдау
        19/03/2019 09:44 0 166
        Назарбаев өзінің кеңесшісін тағайындады
        Назарбаев өзінің кеңесшісін тағайындады
        Назарбаев өзінің кеңесшісін тағайындады
        Назарбаев "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін жеткізді.
        20/03/2019 00:34 0 306