25Қыркүйек

Алмас Мұстафа: Мені қолдайтындар — жаңалық күткендер

Алмас Мұстафа: Мені қолдайтындар — жаңалық күткендер

15 қарашада Қазақстан Суретшілер одағының басқармасының төрағалығына сайлау өтеді. 4 жылда бір келетін  сайлауға байланысты Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі сайлауға қатысушылардың бірі Алмас Серікұлымен сұхбаттасты.

Алғашқы сұрағымды сіздің өткен өміріңізбен, балалық шағыңызбен  байланыстырғым келіп отыр. Бала кезіңізден суретке құмар болдыңыз ба әлде арман-мақсатыңыз мүлдем бөлек болды ма? Осы жайлы естеліктеріңізбен бөліссеңіз.

Мен кішкене кезімнен бейнелеу өнеріне құмартып, сол арманмен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың көркем сурет факультетін 2009 жылы тәмамдап, суретші шебер болдым.  2011 жылы "Ғаламарт" шығармашыл жастар клубын құрып, жұмыс жасадым. 2 жылда төрт көрме өткіздік. Арманымыз қазақ жастарын әлеммен байланыста жұмыс жасату болған. Өкінішке қарай ол арманға қаржылық кедергілер болды. Біз құрған клубта өз қаржысы болмады, болмаса да демеушісіз жұмыс жасадық. Кез келген жұмыс демеушімен немесе өз қаражатыңмен іске асады. Сол себептен бәрін доғарып таза кәсіпкерлікке кеттім. Өйткені кәсіп жасасақ мәселені ешкімнің көмегінсіз шеше алатын едік! Сол оймен әлі келеміз.

Өзіңіздің фейсбук парақшаңызда «Суретшілер одағына алыстан келгенім жоқ, жеті жыл қоян қолтық араластым, осындағы мәселелермен барынша қанықпын», - деп жазыпсыз. Егер сайлау кезінде жеңіске жетіп, Суретшілер одағы басқармасының төрағасы болып тағайындалсаңыз ең алдымен қандай өзгерістер енгізер едіңіз? Көпшілік сайлау алды уәделерге оңайлықпен сене қоймайтынын жақсы білетін де шығарсыз. Сайлау алды айтқан сөздеріңіз бос сөз болып қалмайды ма?

Суретшілер одағына сайлауға түсу үшін ешкімге уәде бермедім. Менің ешқандай ішкі есебім жоқ. Менің ойым қазіргі ескі жұмыс істей алмайтын модельді өзгерту.  Мені қолдайтындар — жаңалық күткендер.  Менің ойым нарық заңдарына сай. Әр суретші өзін қамтамассыз ететін қажетті білім берсек сол ең үлкен жеңіс болады.

Осыдан біраз уақыт бұрын сайлау алдында үлкен дау туындаған еді. Жергілікті БАҚ-тың бірінде «Басшылыққа үміткер екі тұлғаның арасындағы «креслоға талас» қылқалам шеберлерін бір-біріне айдап салғандай. Айналдырған 30-40 суретші одақ ғимаратын басына көтерді» деп жарияланған болатын. Осы туралы не айта аласыз?

Иә, сол дауға, бір біріне жазылған арызға ыза болған жас суретшілер дауды өзара талқылаған. Мені ұсынған да сол жас замандас әріптестерім. Өйткені менің ойым оларға ұнады. Шынайы  ақпарат кімге болса да жағады.

Сол даудан кейін бірінші xатшыға xабарласып өздерінің атынан менің де дауысқа түскенімді қалады. Басында қарсы болғам, кейіннен өзім келісім бердім. Өйткені мен де өзгерісті қалаймын

Қазақстандағы суретшілердің алатын рөлі қандай? Сурет өнерімен қазір ешкімді таңғалдыра алмайсыз деген пікірмен келісесіз бе?

Бейнелеу өнері өз алдына әлемде материалдық құндылық, шындап қарағанда бұл кез келген баламалы құндылықтан жоғары. Алтын бағасын түсіруі мүмкін,  мұнай, доллар бәрі құбылмалы. Ал суретшінің өнімі тек  бағасы өсумен болады. Ешқашан құнын жоғалтпайды

Сіз бір сөзіңізде «Суретші өз биігінде суретші болу керек», - депсіз. Сіз өз биігіңізді бағындыра алдыңыз ба? Сіздің өзге суретшілердің арасында дараландырып тұратын қандай ерекшелігіңіз бар? Шығармашылығыңыздың қандай өзгешелігі бар?

Мен өзім армандаған додалар мен шыңдарымды уақытынан ерте бағындырдым, бәрі мен үшін тек белестер екеніне көзім жетті.  Отыз жасқа дейін Қазақстанда жас шеберлер қатысатын қандай конкурс бар, бәрінің бас жүлдесін алдым. Шетелден де алтын алқа таққан кезіміз болды. Яғни мені осы постта көргісі келетін жастар менің өмір жолыма қызығады және дұрыс санайды. Әйтпесе мен де қатардағы қазақ азаматымын. Бәрінен таланттымын деп айта алмаймын. Ойлағанымды дер кезінде жүзеге асыруға талпынамын, маркетинг-менеджмент туралы көп ізденемін. Суретші өз биігінде тұрса оларда әлеуметтік проблемалар болмайды. Ол үшін заманауи білім керек.

Сұхбатыңызға рахмет. Сайлауда сәттілік серігіңіз болсын!

Сұхбаттасқан: Әсел Болатқызы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Балаларды діни бағытта тәрбиелеген балабақшалар анықталды
    25/09 17:16 0 184
    2
    Қазақстанның запастағы офицерлері әскери жиынға тартылды
    25/09 17:13 0 1691
    3
    NUR.KZ журналисін өлтіріп кетті
    25/09 16:54 0 622
    Алматыда «Ұлттық терминжасам ұстанымдары: теория және практика» тақырыбында семинар-кеңес өтті
    25/09 16:31 0 212
    АҚШ-тағы Әз-Жәнібек ханның дулығасын Қазақстанға әкелсек...
    25/09 16:24 0 1326

    Таныстырылғандар

    Қазақ тілін қорлаған аурухана басшылығы амал жоқ кешірім сұрады
    Қазақ тілін қорлаған аурухана басшылығы амал жоқ кешірім сұрады
    Қазақ тілін қорлаған аурухана басшылығы амал жоқ кешірім сұрады
    Астана қаласындағы атышулы №2 аурухана басшылығы қазақ тілін қорлағандарын мойындап, халықтан да, емделуші Мұқағали Балқыбаевтан де кешірім сұрады.
    29/08/2018 16:20 2 2859
    "Мойындауымыз керек, жас буынның тәрбиесін уысымыздан шығарып алдық"
    "Мойындауымыз керек, жас буынның тәрбиесін уысымыздан шығарып алдық"
    "Мойындауымыз керек, жас буынның тәрбиесін уысымыздан шығарып алдық"
    Әңгіме барысында олардан «Бауыржан Момышұлы кім?» деп сұрап едім, ешбірі күмілжіп дұрыс жауап бере алмады.
    29/08/2018 16:43 13 1943
    Елбасы халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті
    Елбасы халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті
    Елбасы халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті
    Елбасы тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстандағы конституционализмнің даму тарихына тоқталды.
    29/08/2018 17:35 0 770
    «Өзім жетім болсам да, тілім жетімсіремесін» деген Мұқағалидың қолынан қамшы түспесін дейік
    «Өзім жетім болсам да, тілім жетімсіремесін» деген Мұқағалидың қолынан қамшы түспесін дейік
    «Өзім жетім болсам да, тілім жетімсіремесін» деген Мұқағалидың қолынан қамшы түспесін дейік
    «Ауруханадағы жеңіс менікі емес, халықтыкі», - деген жігіт өзін қолдаған барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.
    04/09/2018 11:55 0 2415
    Мың сылтау іздеп мұңаятын, түртіп қалсаң, күйзеліске ұшырайтындарға Ернардың айтары бар...
    Мың сылтау іздеп мұңаятын, түртіп қалсаң, күйзеліске ұшырайтындарға Ернардың айтары бар...
    Мың сылтау іздеп мұңаятын, түртіп қалсаң, күйзеліске ұшырайтындарға Ернардың айтары бар...
    Қаланың ортасында жалғыз қатынап жүрген мүгедекті көріп пе едіңіз, әрине, менен басқа?
    04/09/2018 16:58 0 3995
    "Жүз жаңа есім" жобасы жеңімпазға не береді?
    "Жүз жаңа есім" жобасы жеңімпазға не береді?
    "Жүз жаңа есім" жобасы жеңімпазға не береді?
    Қазақ болсын, мейлі өзбек, неміс, орыс болсын, мемлекеттік тілді білмесе, халыққа үлгі тұлға етіп көрсетудің өзі ұят.
    10/09/2018 15:11 0 2058
    «I am a singer Kazakhstan» жобасында ерекше оқиға орын алды
    «I am a singer Kazakhstan» жобасында ерекше оқиға орын алды
    «I am a singer Kazakhstan» жобасында ерекше оқиға орын алды
    Кәдімгі кәсіби әншілерді таңдай қақтырған жас жігіт қарсы алдында отырған өнер иелеріне басын иіп, «I am a singer Kazakhstan»  шоуымен қош айтысты.
    12/09/2018 12:05 0 2878
    Заманауи поэзияның классигі: Америкада орыс болсам, Ресейде қазақпын
    Заманауи поэзияның классигі: Америкада орыс болсам, Ресейде қазақпын
    Заманауи поэзияның классигі: Америкада орыс болсам, Ресейде қазақпын
    Заманауи поэзияның классигіне айналған Бақыт Кенжеев осыдан бірнеше жыл бұрын ССРО-дан Канадаға қоныс аударған.
    13/09/2018 16:00 0 1053
    Бұл Головкин мен Альварес үшін жағымсыз хабар болды
    Бұл Головкин мен Альварес үшін жағымсыз хабар болды
    Бұл Головкин мен Альварес үшін жағымсыз хабар болды
    Геннадий Головкин мен Саул Альвареске жекпе-жек алдында жағымсыз хабар айтылды
    15/09/2018 14:11 0 3408
    Ібілістің рөлін сомдаған актер қандай тәуекелге барған?
    Ібілістің рөлін сомдаған актер қандай тәуекелге барған?
    Ібілістің рөлін сомдаған актер қандай тәуекелге барған?
    мен Ібілісті осылай елестетемін. Бұл образды өзім ойлап таптым.
    17/09/2018 11:32 0 667
    "Бәсекелестікті сезсем, ерекше жігерлене түсемін"
    "Бәсекелестікті сезсем, ерекше жігерлене түсемін"
    "Бәсекелестікті сезсем, ерекше жігерлене түсемін"
    Күні бойы қонақ іздеп, түнімен сценарий жазып, келесі күні ұйықтамай түсірілімге кірісіп кететін талай уақыт бастан өтті.
    19/09/2018 12:17 0 4093
    Ақтөбеде тұңғыш «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы салынды
    Ақтөбеде тұңғыш «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы салынды
    Ақтөбеде тұңғыш «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы салынды
    Бірегей жоба «Туған жерге тағзым» акциясы аясында демеушілер мен облыс тұрғындарының қаражаты есебінен жүзеге асырылған
    21/09/2018 12:49 0 1392
    9 қабаттан секірмекші болған астаналық аман қалды
    9 қабаттан секірмекші болған астаналық аман қалды
    9 қабаттан секірмекші болған астаналық аман қалды
    Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы 9 қабатты тұрғын үйдің терезесінде отырған ер адамды байқайды.
    24/09/2018 14:49 0 1037
    Алматы мектептерінде Ерлік сабағы өткізілуде
    Алматы мектептерінде Ерлік сабағы өткізілуде
    Алматы мектептерінде Ерлік сабағы өткізілуде
    Сабақты өткізуге Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдарының офицерлері мен сержанттары, оның ішінде Қарулы Күштерінің ардагерлері қатысады
    24/09/2018 14:40 0 1193
    Қуаныш Башаров: Махаббатта жолым болмағанымен, сүюден бас тартпаймын
    Қуаныш Башаров: Махаббатта жолым болмағанымен, сүюден бас тартпаймын
    Қуаныш Башаров: Махаббатта жолым болмағанымен, сүюден бас тартпаймын
    Қазіргі қыздардың жартысынан көбі мен секілді жігіттерді көрсе, үрке қарайды.
    25/09/2018 14:46 0 1538