• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:05:50
Алматы
+35°

13 Тамыз, 2018 NEWS

"Аллаһу Акбар", - деп шу шығарған ақтөбеліктердің кім екені белгілі болды

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері екі ер адамның полицияға қарсылық көрсеткені түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді.

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері екі ер адамның полицияға қарсылық көрсеткені түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода екі ер адамның полицейлерге әлдене түсіндіргісі келетінін көруге болады. Кенет ер адамдардың бірі ашуланып, қызметкерге соққы жасай бастайды.  Оқиға Ақтөбеде болған. Облыстық ІІД өкілдері видеоның 2018 жылдың шілдесінде түсірілгенін хабарлап отыр. Полиция мәліметінше, жасақ екі ер адамның құжаттарын тексермек болған. 

"Ағайынды бауырлар есірткі қолданады, наркодиспансерде есепте тұр. Олар полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды, екіншісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Полиция жасағы олардың құжатын тексергісі келген, олар есірткіге мас болған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір