• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 16:12:40
+35°

30 Қараша, 2018 Әлем

Alibaba-ның негізін қалаушы Джек Ма саясатқа араласып кетті ме?

Ақшасы тасып тұрған кәсіпкерге партияның құрамына кіру қаншалықты қажет болды?

Қытай миллиардері, әлемдегі ең ірі Alibaba интернет-компаниясының негізін қалаған Джек Ма Қытайдағы коммунистік партиясына мүше болып кірген екен. Бұл туралы “Жэньминь жибао» басылымы хабарлады. Алайда ақшасы тасып тұрған кәсіпкерге партияның құрамына кіру қаншалықты қажет болды? .

Басылым мәліметіне сәйкес, партияға мүше азаматтардың тізіміне 100 адам енген, олардың бәрі реформа саясатына өз үлестерін қосқандар. Ал Джек Ма Қытайдағы коммунистік партияның мүшесі ретінде танылды. Партияға дәл қай уақытта кіргені айтылмаған.

Бүгінде Маның байлығы 36,6 миллиард долларға бағаланған. Қытайдағы ең бай адамдардың тізімінде үшінші орында тұр.

«Оның бастамасымен құрылған Alibaba интернет-компаниясы әлем бойынша ірі ондықтың қатарына енді. Сол компанияның арқасында Қытай бүгінде электронды сауда индустриясы жоғары дамыған бірден бір мемлекет», - деп жазды «Жэньминь Жибао».

Сонымен қатар, бұл тізімде Baidu компаниясының бас директоры Робин Ли мен Tencent телекоммуникация компаниясының төрағасы Ма Хуатенг бар.

Ал енді сұрақ мынада. Джек Маның компартия құрамына мүше болғанын Қытай Коммунистік партиясы неге дәл қазір хабарлауды жөн көрді, Alibaba басшысы партия құрамында не істеп жүр, қандай қажеттілік туды?

Ши Жиньпиннің билігі тұсында бизнес пен саясат арасындағы шекараның бірігетін түрі жоқ. Сарапшы әрі бизнесмен Марк Наткиннің айтуынша, Қытай билігі өмірде де, экономикада да партияның маңызы жоғары болғанын қалайды.

«Қытай билігі елдегі ірі интернет-компанияларды саяси бастамалары үшін тиімді құрал ретінде пайдаланып жүр. Партияға мүше болып кірген адам оған барын арнайды. Оның үстіне партия мүшелігі сізден жоғары саяси белсенділікті талап етпейді», - деді Марк Наткин.

Қыркүйекті Джек Ма өзінің лауазымынан бас тартып, зейнетке шығатынын мәлімдеген. Оның орынтағы компанияның атқарушы директоры Дэниэл Чжанға бұйырады.

Джек Ма бұған дейін де бизнесін өзгенің қолына табыстап, қайырымдылықпен айналысқысы келетінін талай мәрте айтқан. Тіпті ұстаздық ету туралы жоспарының да бар екенін айтқан еді.

Джек Маның атымен ашылған қор Қытайдың кей аудандарында білім беру бағдарламаларымен айналысады.

Джек Ма деген кім?

♦35 жаста байымасаң, уақыттың бекер өткені. Джек Мадан 30 пайдалы кеңес

Мезгілінен бұрын әрі өз еркімен зейнетке шыққан басшы... Құлағыңызға түрпідей естіліп тұр ма? Қытайда компания президенті 54 жасына зейнетке шығып, қалған өмірін жан тыныштығына арнамақ. Ол миллиардтан астам тұрғыны бар Қытайдың ең бай адамы.

10 қыркүйек Alibaba компаниясының президенті  Джек Ма 54 жасқа толды. Сонымен қатар ол күні Қытайда «Мұғалімдер күнін» тойлайды екен. Alibaba компаниясына дейін Джек Ма ағылшын тілінен сабақ берген. Зейнетке шыққаннан кейін де ендігі өмірінде ұстаздық етуге бел буыпты. Әрі қайырымдылықпен айналысуды ниет етіп отыр. Дәл қыркүйектің 10-ы, ұстаздар мерекесінде зейнетке шығып, ұстаздық жолды таңдауы да бекер емес болар. Джек Ма бұл күнді әдейі таңдады ма әлде сәйкестік пе, белгісіз, алайда ұлы адамның өмірінде сәтті сәйкестіктердің жиі орын алуын өз басым «ғажап» дер ем.

Дей тұрғанмен миллиардер бір ғасырдың жарты ғұмырында бар байлығын, жиған-тергенін өзге біреуге «оп-оңай» қалдырып кеткеніне сіз де таңырқап қалған боларсыз. Өзі бұл әрекетін түсіндіруге тырысыпты. Айтуынша, қайырымдылық іс пен ұстаздық етуден өзге де себептері бар.

The New York Times басылымының дерегіне сүйенсек, Ма Қытайдағы іскерлік ортаға көңілі толмайды. Мемлекеттік кәсіпорындар жеке компаниялардың жұмысына бөгет келтіреді. Ал өзінің зейнетке шығуын Джек Ма «жаңа дәуірдің бастамасы» деп санайды.

Forbes Джек Маның байлығын  $36,6 млрд-қа есептеп берді. 1999 жылы ашылған компаниясы бүгінде әлемнің ең ірі ритейлерлерінің біріне айналып отыр.

Bloomberg TV арнасына берген сұхбатында миллиардер қайырымдылықпен айналысқысы келетінін айтыпты. Компаниядан кеткен соң білім беру жобаларын қаржыландыратын қор ашқысы келеді. Билл Гейтстің ізімен жүруді қалайды.

Айта кетейік, Microsoft Word бағдарламасының негізін қалаушы Билл Гейтс 2015 жылы Африкаға барған сапарынан кейін қайырымдылық қорымен айналысқысы келетінін айтқан. Оның ойынша, дамымай қалған мемлекеттерге жоғары технология емес, тамақ пен дәрі-дәрмек керек.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір