17Желтоқсан

Алғаш рет "Мәуліт жыры" домбырамен орындалды (фото)

Алғаш рет "Мәуліт жыры" домбырамен орындалды (фото)
Ⓒmuftyat.kz

Раббиул Әууал – мұсылман күнтізбесі бойынша пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі muftyat.kz сайтының дерегін негізге алып. «Мәуліт» сөзі «туған күн» деген ұғымды білдіреді. Раббиул Әууал айын мәуліт айы деп те атайды.

Тунис, Түркия, Марокко, Алжир, Сирия сынды мұсылман елдері мәуліт мейрамын айрықша атап өтеді. Мәуліт кешін ұйымдастыру Орталық Азия елдерінде дәстүрге айналған. Өткен жылы Сауд Арабия Корольдігі бұл мейрамды ресми түрде тойлау туралы қаулы қабылдады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жыл сайын Раббиул Әууал айында мәдениет үйлерінде, зәулім сарайларда, ірі спорт кешендерінде мәуліт кешін өткізіп келеді. Рухани кеште Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтылады, өсиетті өлеңдер оқылып, жыр-термелер орындалады. Ғибратты сахналық көріністер қойылады. Бүгінде дүйім жамағат бұл үрдіске үйренген...

Осынау айтулы игі іс-шараның негізгі мәні – пайғамбардың өмірбаяны мен өнегелі өмірін баяндайтын мәуліт жырының оқылуы. Сондықтан рухани кештің басым бөлігі мәуліт жырына арналады. Әз пайғамбардың туған кезінен бастап өмірінің соңғы сәттеріне дейінгі ғибратты ғұмыры жырланады. Ол араб тілінде орындалатын. Жамағат тарапынан: «Осыны қазақша орындаса болмас па екен?» – деген өтініш-тілек айтылатын. Өйткені, жиналған жамиғат арапша айтылған жырды түсінбай қалатын.

Жуырда Алматы қаласында Республика сарайында мәуліт кеші өтті. Көптің тілеуіне орай, белгілі айтыскер ақын, сазгер, жыршы-термеші Жәкен Омаров мәуліт жырын өзі жазып, әрі домбыраның сүйемелдеуімен қазақы мақаммен өзі орындап шықты.

Жәкен Қазыбекұлының жазған мәуліт жырының «Пайғамбардың туылуы» деп аталатын бөлімінде:

«...Туылған шақта Мұхаммад,

Жер жаһанды билеген

Патшалар тілі байланды-ай,

Бір күн, бір түн өткенше,

Өздері бұған қайрандай,

Нөкерге әмір бере алмай,

Ақылы болды айрандай.

Мың жыл жанып өшпеген,

Парсының оты сөнеді,

Шамда Сауа дарияның,

Суға толды кемері.

Дижләда шах Хұсраудың,

Сарайы дейді жығылды.

Пұт біткеннің барлығы

Тұғырдан құлап қырылды.

Жұлдызшы мен палшылар

Себебіне үңілді,

Далбасалап долбары

Жандары анық сығылды.

Он сегіз мың бар ғалам

Біріне бірі сүйінді.

Періштелер асығып,

Мекке қарай құйылды.

Аспан мен жер гүрілдеп,

Қуанғаны білінді.

Түн менен Күн таласты,

Көрсек деп Хабиб түріңді.

Шыр еткен даусын есітіп,

«Я Құдая Шүкір!» деп,

Қараңғылық түрілді.

Сәһәр таңға ұласып,

Елестетші көзіңе,

Асығып шыққан Күніңді.

Ал, сүйінші, Үмметі,

Пайғамбарым туылды...» деген жолдар бар.

Мәуліт кешіне қатысқан Бас мүфти Серікбай қажы Ораз рухани шараның қорытынды басқосуында: «Біз кеше ғана мұсылман болған ел емеспіз. Біздің байырғы бабаларымыз, яғни түркілер Ислам дінін көркем сөзбен, жырмен, өлеңмен жеткізіп, ізгілікті насихаттаған. Жазушы Мұхтар Әуезов: «Қазақ арасына Ислам дінінің тарауына көбінесе қазақтың ақындықты сүюі себеп болды», – деген. Демек, пайғамбар өмірін жалпы жұртқа өлең-жырмен жеткізу – ата-бабаларымыздан келе жатқан игі дәстүр. Бүгінде осы дәстүрімізді қайта жаңғыртып, ізгілікті насихаттаудың бұрыннан қалыптасқан тәсілін қолданып келеміз. Бұл – дұрыс қадам», – деп атап өтті. Сонымен қатар, Серікбай Сатыбалдыұлы мәуліт мерекесіне арналған игі шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған мүфтият қызметкерлері мен белгілі қари, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қажы Шоқай бастаған имамдарға алғысын жеткізді.

Айта кетер жайт, ақын, сазгер Жәкен Омаровтың орындауындағы мәуліт жырын жамағат жылы қабылдап, ізгі лебіздерін жеткізуде. Дін мен дәстүрдің үйлескен осы бір үрдісін ұдайы жаңғыртып отыру басты мақсат болып қала бермек.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Медиация – азаматтық-құқықтық дауларды шешудің ерекше жолы
    17/12 16:55 0 96
    2
    Қатерлі ісікке шалдыққан Нұрдәулеттің әкесі: Балапанымызға жәрдемші болыңыздаршы (фото)
    17/12 14:30 0 312
    3
    Димаш: Мен шын мәнінде бақытты әнші екенмін (видео)
    17/12 12:50 0 1447
    Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарына тағзым көрсетілді
    17/12 12:35 6 292
    Экс-президенттің ұлдары аштық жариялады
    17/12 10:50 0 622
    Кешегі Қайратым руxтанған алаңда бүгінде шырша тұр...
    16/12 22:57 0 625
    Мен алаңға өлім іздеп барған жоқ едім ғой - Ербол Сыпатаев
    16/12 17:25 10 5169
    "Басқа амалдың жоқ болғанын халық түсінсе екен..." - Елбасы (видео)
    16/12 16:51 0 3897
    Қазақстандық әнші-боксер қарсыласын нокаутпен жеңді
    16/12 16:35 7 2116
    "Екі аңыз адамның кездесуі": Шетелдік суретші Димаштың таңғажайып суреттерін жариялады (фото)
    16/12 16:10 12 2802

    Таныстырылғандар

    Әзірет Сұлтанның нақ түбіндегі еврей қорымын қалай көшіреміз?
    Әзірет Сұлтанның нақ түбіндегі еврей қорымын қалай көшіреміз?
    Әзірет Сұлтанның нақ түбіндегі еврей қорымын қалай көшіреміз?
    Еврей  қорымы көшірілсе, шариғатқа шет емес.
    Аудио тыңдау
    10/12/2018 11:10 0 7226
    Маңғыстаудың әлеуетін дамытуға 215 млрд. теңге болатын 9 ірі жобалар іске асырылуда
    Маңғыстаудың әлеуетін дамытуға 215 млрд. теңге болатын 9 ірі жобалар іске асырылуда
    Маңғыстаудың әлеуетін дамытуға 215 млрд. теңге болатын 9 ірі жобалар іске асырылуда
    Осы жобалардың ішіндегі ең ірісі Құрық портындағы паром кешені
    Аудио тыңдау
    10/12/2018 13:58 0 724
    Нәбижан Мұхаметханұлы: Қазақстанның осы күнге жететінін Қытайда жүргенде білгенмін
    Нәбижан Мұхаметханұлы: Қазақстанның осы күнге жететінін Қытайда жүргенде білгенмін
    Нәбижан Мұхаметханұлы: Қазақстанның осы күнге жететінін Қытайда жүргенде білгенмін
    Қазақстан тәуелсіздік алса, ел ішінде міндетті түрде ұлтаралық соғыс болады.
    Аудио тыңдау
    10/12/2018 16:31 11 7591
    Президент Ақтөбе облысындағы газ өңдеу кешенін іске қосты
    Президент Ақтөбе облысындағы газ өңдеу кешенін іске қосты
    Президент Ақтөбе облысындағы газ өңдеу кешенін іске қосты
    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қарсаңында Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы «Қожасай» кен орнында заманауи газ өңдеу кешені пайдалануға берілді
    11/12/2018 11:44 0 850
    Ел басқарған алғашқы мұсылман әйелдің шытырман өмірі мен құпия өлімі
    Ел басқарған алғашқы мұсылман әйелдің шытырман өмірі мен құпия өлімі
    Ел басқарған алғашқы мұсылман әйелдің шытырман өмірі мен құпия өлімі
    «Накстоящее время» басылымы өміріне қанша қауіп төнсе де, ислам әлемін өзгерте алған батыр әйел Беназир Бхуттоның дәуірі жайлы жазыпты.
    Аудио тыңдау
    12/12/2018 13:35 0 3990
    «Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді
    «Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді
    «Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді
    Біздің басты міндетіміз - Алматыны жайлы, қауіпсіз және өркендеген қалаға айналдыру
    12/12/2018 18:46 0 1509
    "KFC енді халал емес"
    "KFC енді халал емес"
    "KFC енді халал емес"
    Бұл туралы  ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
    Аудио тыңдау
    12/12/2018 19:21 0 1099
    Ғылыми жаңалықты неге жатырқаймыз?
    Ғылыми жаңалықты неге жатырқаймыз?
    Ғылыми жаңалықты неге жатырқаймыз?
    Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасайтын адамдардың кезегі келді.
    Аудио тыңдау
    13/12/2018 01:12 0 835
    «Қалаулымға» бақыт іздеп барып, қылмыскер атанды:Қытайдан келген Қайраттың 24 сағаттағы оқиғасы
    «Қалаулымға» бақыт іздеп барып, қылмыскер атанды:Қытайдан келген Қайраттың 24 сағаттағы оқиғасы
    «Қалаулымға» бақыт іздеп барып, қылмыскер атанды:Қытайдан келген Қайраттың 24 сағаттағы оқиғасы
    «Не мен сотталамын, не «Қалаулымды» тоқтатамын. Қамаса, қамасын, шыдаймын», - деп ашуға мінді Қайрат.
    Аудио тыңдау
    13/12/2018 10:36 11 36648
    "7-20-25" бағдарламасы бойынша келіп түскен өтініштердің 30%-тен астамы Алматыға тиесілі
    "7-20-25" бағдарламасы бойынша келіп түскен өтініштердің 30%-тен астамы Алматыға тиесілі
    "7-20-25" бағдарламасы бойынша келіп түскен өтініштердің 30%-тен астамы Алматыға тиесілі
    Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді
    07/12/2018 10:22 0 757
    Алматының екі ауданында мамандандырылған ХҚКО ашылды
    Алматының екі ауданында мамандандырылған ХҚКО ашылды
    Алматының екі ауданында мамандандырылған ХҚКО ашылды
    Жаңадан ашылған екі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы Наурызбай және Жетісу аудандарында орналасқан
    12/12/2018 12:16 0 882
    Қазіргі ұрпақ Қазақстанды әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосуы тиіс - Алматы әкімі
    Қазіргі ұрпақ Қазақстанды әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосуы тиіс - Алматы әкімі
    Қазіргі ұрпақ Қазақстанды әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосуы тиіс - Алматы әкімі
    Мемлекет басшысының кезекті «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы сол бағдарламаның толықтырылған нұсқасы, жалғасы іс­петті
    13/12/2018 12:23 0 1542
    Бүгін салтанатты жиында Бостандық ауданының тұрғындары бас қосты
    Бүгін салтанатты жиында Бостандық ауданының тұрғындары бас қосты
    Бүгін салтанатты жиында Бостандық ауданының тұрғындары бас қосты
    Алматы әкімдігінің әр ауданы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мейрамын аудан көлемінде тойлауды бастап кетті
    14/12/2018 17:17 0 1204
    Алматыда жерасты туннельдерін салу тиімді
    Алматыда жерасты туннельдерін салу тиімді
    Алматыда жерасты туннельдерін салу тиімді
    Алмасхан Ахмеджанов туннельдер жайлы идеясын қала әкімі Бауыржан Байбекке айтқан. Қала әкімі оның идеясын қолдап, жүзеге асыру қажеттігін ескерткен
    13/12/2018 17:20 0 1269
    Президент Жолдауына орай Атырауда «Айбын» әскери-патриоттық клубы ашылды
    Президент Жолдауына орай Атырауда «Айбын» әскери-патриоттық клубы ашылды
    Президент Жолдауына орай Атырауда «Айбын» әскери-патриоттық клубы ашылды
    Бүгінде Атырау облысында 168 әскери-патриоттық клуб пен 1 ​​кадеттік класс жұмыс істейді.
    07/12/2018 17:18 0 187