• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:49:33
Алматы
+35°

09 Сәуір, 2019 NEWS

Альфонс жігітке алданған келіншек: Туыстарымның алдында қара бет болдым...

Бір емес, алты келіншекті «сүйем» деп алдап келген альфонс жігіт іздестіріліп жатыр

Бір емес, алты келіншекті «сүйем» деп алдап келген альфонс жігіт іздестіріліп жатыр. Бірін несиеге кіргізіп, екіншісіне бала туғызып, үшіншісінің жиған-тергенін алып кеткен. Тақырға отырған келіншектер иманындай сеніп жүрген азаматының бала-шағасы бар екенін тек полицейлерден есітіп мең зең күйде. Азаматтық некеден оның бес әйелден туған алты баласы жан-жақта. Ал, бір еркек үшін түксіз қалған аналар Рамиль Байрамовты жер-көктен іздеп таппай жүр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Юлия Николенко азаматтық некедегі күйеуімен үш жыл бұрын әлеуметтік желіде танысқан. "Ажырасқанмын, балам бар, көмектесіп тұрамын" деген жігітке алданып қалғанын айтады. Тым қамқорлық танытқанына есі ауып, бірге тұруға келіскен. Бір ұл тауып та берген. Іші-бауырына кіріп, әбден сенімінен шыққан соң, өз басындағы проблемаларын айта бастады дейді. Шешем ауырып жатыр, халі мүшкіл деп қомақты қаражат сұрапты. Ал,  келіншек болса қолынан келген көмегін аямаған.  

"Шамамен 500 мың теңге алды менен. Тағы ағамның көлігін бөліп төлеймін деп сатып алған. Сол бойы не көлік, не ақшасы жоқ. Үш жыл болды қашып жүр. Мен туғандарымның алдында қара бет болып қалдым", - дейді аданған келіншектің бірі Юлия Николенко.

Қара бет болған тек Юлия Николенко ғана емес. Құлай сүйдім деген сөзіне құлаған тағы бес келіншек бар. Бәріне бала туғызып, ақшаларын алған соң ізін суытқан. Алданған әйелдер бір-бірін әлеуметтік желі арқылы тапқан. Біріне Амирмін, екіншісіне Самирмін деп өтірікті үйіп-төккен. Тіпті, бірі Шымкенттің тұрғыны. Анель Оразбаева да көзін махаббатпен байлаған азаматқа әперген несиесін төлеп, бір ұлын құшақтап қалған. 

"Қыздарды іздеген мен. Қазір алты келіншекпіз. Оның 2017 жылы екі баласы екі әйелден, 2018 жылы тағы екі әйелден екі баласы туылды. Бәрімізге айтып келген бірінші жарынан 8-9 жастағы екі баласы бар", - дейді алданға келіншектің бірі Анель Оразбаева.

Сонда ер азаматтың бес әйелден алты баласы бар. Сәбилерін құшақтап қалған келіншектер бұрын бір-біріне күндес болса, енді мұңдас. Себебі, бөлісе алмай жүрген сүйіктілерін іздеуге кіріскен. Әкелік міндетін міндеттеу үшін емес, несиелерін төлеп, көліктерін қайтару. Ал Амир, Самир деп өзін сан есіммен атаған «Дон Жуан» осы. Шын аты - Рамиль Байрамов екен. 

"Алты бірдей келіншек жер-көктен іздеген Рамиль Байрамовтың шешесі Алматының қақ ортасындағы осы үйде тұрады. Бірақ, анасы бізге жауап бермек түгілі есігін де ашпады. Айтуынша, ұлының заңды некеде екі баласы бар. Солармен бірге тұрады. Ал, жолдан қосылған келіндеріның бірін де танымайды екен". 

Бірақ, алданған келіншектер экс-енесімен танысқанын, араласқанын айтады. Тіпті, қоңырау шалып, отбасындағы ауыр жағдайларымен бөлісетін болған. Қазір облыстық полиция департаментіне бес әйелден арыз түскен.

«Қазіргі таңда ҚР ҚК 190 бабына яғни алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сонымен қатар үш арызды бір өндіріске біріктіру қарастыруда. Сонымен қатар шымкент қаласында да бұл азаматқа қатысты арыз түскені анықталды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Сезімнің жетегінде кеткен әйелдер экс-күйеуінің түрін басқалары жаттап алса дейді. Өйткені, өздері құсап бөтеннің несиесін төлеп, жалғызбасты ана атанғандарын қаламайды.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір