• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:08:56
Алматы
+35°

11 Маусым, 2018 Денсаулық

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" 2018 жылы 325,2 млрд теңге төледі

2018 жылы Алматы қаласы бойынша емдеу мекемелерінен тегін медициналық көмек шеңберінде 94,7 млрд теңгенің қызметін сатып алу жоспарланып отыр

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жыл басынан бері елдегі медицина ұйымдарына халыққа көрсетілген қызметтер үшін 325,2 млрд теңгеден астам қаржы төледі. Бұл мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көмек көрсету туралы медицина ұйымдарымен бекітілген келісімшарттардың 47 пайызы. Қазіргі таңда, Алматы қаласында да емдеу мекемелерін қаржыландыру мәселесі кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұл туралы МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.  

Айтуынша, филиалмен келісімшарт бекіткен медицина ұйымдарының дерегіне сүйенсек, аймақтағы емханалар мен ауруханалардың қызметкерлері биылғы жылдың қаңтар, ақпан, наурыз және сәуір, мамыр айлары үшін жалақыны толық алды.

Филиал басшысының айтуына қарағанда, 2018 жылы Алматы қаласында мемлекеттік тапсырыс негізінде халыққа тегін қызмет көрсетуге ниет білдірген 171 медицина мекемесімен келісімшарт бекітілген. Оның 103-і – жеке меншік клиникалар. Келісімшарттар алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жедел жәрдем және басқа да басым бағыттар бойынша бекітілген. Жалпы, 2018 жылы Алматы қаласы бойынша емдеу мекемелерінен тегін медициналық көмек шеңберінде 94,7 млрд теңгенің қызметін сатып алу жоспарланып отыр. Маусымның 7-сіне дейін оңтүстік астаналық жеткізуші компанияларға аванс ретінде 41,6 млрд теңге төленді. Бұл жалпы төленетін қаржының 49 пайызы деді Т.Әбілдаев.

«Жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр және ол халыққа көрсетілген медициналық көмек сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бөлінген қаражат емдеу мекемелерінің операциялық шығындарын жабуға, атап айтқанда, медицина қызметкерлеріне жалақы төлеуге жеткілікті», - деп атап өтті ол.

Маманның сөзіне сүйенсек, филиал сарапшылары халыққа көрсетіліп жатқан қызмет сапасын қамтамасыз ету және пациенттер құқығын қорғау мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Сонымен қатар, ол халықтың ерекше сұранысына ие болып отырған медициналық қызмет түрлерін анықтауға да мүмкіндік береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір