• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:42:23
Алматы
+35°

04 Шілде, 2017 Әлеумет

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын өсірмеу үшін меморандумға қол қойылды

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырған ауыл шаруашылығы өнімдерін жүзеге асыру жәрмеңкесінің нәтижесінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар...

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырған ауыл шаруашылығы өнімдерін жүзеге асыру жәрмеңкесінің нәтижесінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің бағасы төмендеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚР АШМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін қиярға – 58,7 %, қызанаққа – 28,7 %, жұмыртқаға – 27%, қарақұмық жармасына – 13,4 %, күнбағыс майына – 6,6 %, қантқа – 1,8 % төмендеуі белгіленді.

Өнім өндірушілерден тікелей тұтынушыға жәрмеңке арқылы нарықтағы бағадан 10-15% төмен сатылатындай жұмыстар жалғасын табуда. Мәслен, маусым айының басында қатарынан 3200 жәрмеңке өткізілді.

Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар мен өндірушілер арасында азық-түлік тауарларын бекітілген бағамен іске асыруға қатысты, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстеме бағасын 10% асырмау үшін сауда субъектілерімен меморандумға қол қойылды.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір