• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:21:09
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2019 NEWS

Алена Медведева: Менің де ажал құшуым мүмкін еді

Болған оқиғадан кейін тіпті ұшақ бортына көтерілудің өзінен қорқып қалған

Мурманск қаласының тұрғыны Алена Медведева Шереметьево әуежайында апатқа ұшыраған ұшақтың билетінен екі күн алдын бас тартқан деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Медведева Белгородтағы демалысын аяқталған соң, Мурманск қаласына Мәскеу арқылы қайтуды жоспарлап, Мәскеу-Мурманск бағытындағы  SSJ-100 лайнеріне билет алған. Бірақ, қайту рейсіне екі күн қалғанда демалысын 9 мамырға дейін созып, "ажал билетін" кері өткізіп тастаған.

"Алдымен бір ғана адамның мерт болғанын айтты, енді қарасам 41. Сол тізімде менің де болуым мүмкін еді",-деді Медведева журналисттерге берген сұхбатында.

Болған оқиғадан кейін ұшақ бортына көтерілудің өзінен қорқып қалғанын да жасырмады.

Ұсынған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір