• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 06:10:04
Алматы
+35°

22 Тамыз, 2017 NEWS

Әлемнің гуманитарлық оқулықтары қазақшаланады

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» деген атаумен әлемдік оқулықтардың қазашалануы бұрын болмаған тың жоба

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлемнің философия, социология, психология, мәдениеттану, дінтану, тіл білімі, экономика, менеджмент пен кәсіпкерлік салаларының ең үздік оқулықтары қазақ тіліне аударылып жатыр. Бүгінде 17 кітап аударылуда. АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Франция мен Ресей баспаларының кітабын аударуға заңды түрде рұқсат алынған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ОКҚ сайтына сілтеме жасай отырып.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» деген атаумен әлемдік оқулықтардың қазашалануы бұрын болмаған тың жоба. Аударманы іске асыру үшін 17 жұмыс тобы құрылып, оған 90-нан астам кәсіби аудармашы атсалысуда. Бұл туралы «Ұлттық аударма бюросының» басшысы Рауан Кенжеханұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барсында мәлімдеді.

Н.Мэнкьюдың «Экономика» кітабы, Энтони Кэннидың «Философия тарихы» сынды кітаптары осы салада еңбектеніп жүрген қазақ тілді оқырманға қажет. Жобаның мақсаты – әлімдік туындыларды қазақ тіліне аударып, рухани кеңістікті байыту. Аударуға таңдалатын кітаптар тізімі мен шарттары жайлы баспасөз жиында жоба авторы айтып берді:

"Кітаптарды іріктеуде негізгі шарт ретінде кем дегенде үш рет қайта басылуы, соңғы басылымы 2014 жылдан кейін болмауы, әлемнің топ-100 ЖОО-да қолданылуы, мазмұндық бейтараптылықты сақтау талаптары қойылып отыр. Сонымен қатар, қоғамда қызу пікір туындатқан Кэрон Армстронгтың «Құдайлар тарихы» атты еңбегінің аударуылы жайлы атап өтсем. Бұл кітап еліміздегі жастарға дұрыс бағыт сілтеп, ғылыми еңбекті түсінуге септігін тигізеді. Біз оны аударуда ғалым, дінтанушылармен жұмыс істеп жатырмыз", – деді Рауан Кежеханұлы.

Осыған орай, 23 тамыз Алматы қаласы, «Достық» қонақ үйінде атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты ғалымдар, аудармашылар, редакторлар, баспагерлер, оқу орындары әкімшіліктері мен мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысатын қазақ тіліндегі аударма сапасын арттыру мен әдістемелік негіздерін талқылайтын басқосу өтеді. Басқосуда ғылыми терминдер мен ұғымдарды қазақ тіліне аудару, өзге тілдерден енген сөздер қолданысы, терминология, стиль, аударма ортасын дамыту мәселелері сөз болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір