• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:13:57
Алматы
+35°

29 Наурыз, 2019 Тарих

Әлемдік ғалымдарды таңдандырған нәтиже: Адамзат екі адамнан таралған

«Бұл бір ғажап болды. Нәтижеге сенбей, теріске шығарғымыз келді, алайда қорытынды айналып келіп, осы тұжырымға тірелді».

Ғалымдар адамзаттың осыдан 100 000-200 000 жыл бұрын өмір сүрген ер мен әйелден таралғанын мойындады.

Олар 5 миллионға жуық жануар мен адамның генетикалық штрихкодтарын зерттеу арқылы осындай ұйғарымға келді. Пайымдауларынша, біз үлкен бір апаттан аман қалған ерлі-зайыптыдан тараған екенбіз.

ДНҚ кодтары тіпті тек адамдардың емес, бүгінде тіршілік етіп жүрген 9-10 түрлі жануардың да бір жұптан пайда болғанын анықтапты.

Зерттеудің басы қасында жүрген Штокл мен Талер мұндай нәтиженің таңғаларлық екенін айтып отыр.

«Бұл бір ғажап болды. Нәтижеге сенбей, теріске шығарғымыз келді, алайда қорытынды айналып келіп, осы тұжырымға тірелді», - деді таңданысын жасырмаған Талер.

Швейцариядағы Базеля университетінің ғылыми қызметкерлері Марк Штокл мен Дэвид Талер әлемнің жылдам дамып келе жатқан генетикалық негіздерін зерттеп, Дарвиннің эволюциялық даму теориясын да жіті қарап шыққан.

«Планетадағы адамдардың көптігіне әрі ауқымды географиялық таралымына қарап генетикалық түрлілікке ие деп айтуға болар еді. Адамдар жеке және топтық айырмашылықтарға көңіл бөліп жүргенде, біз адамдардың бір-біріне қалай қатты ұқсайтындарына баса назар аударамыз», - деді ғалымдар.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір