Әлемді мойындатқан психологтың 22 қағидасы: Сізге көмек көрсеткен адамға ақша төлеңіз

Әлемді мойындатқан психологтың 22 қағидасы: Сізге көмек көрсеткен адамға ақша төлеңіз
Ⓒqamshy.kz

Танымал психиатр өмірдегі ең маңызды 22 ережені тұжырымдады. Шындығында, бұл ережелерді оқи отырып ойға батасыз. Көптеген адамдар мінсіз қарым-қатынас құруды, өз қиялындағы жұмысты табуды, жалпы айтқанда қоғамда бақытты өмір сүруді армандайды. Бірақ бір ғана мақсатты орындау үшін көптеген күш-жігер әрі уақыт, төзім мен табандылық қажет.

Біреулер керегесі берік отбасы құрса, енді біреулер кәсібін өрге домалатады, тағы біреулері әлемді аралап, саяхат жасап, содан ләззат алады.

Михаил Литвак практикалық психология туралы 30 шақты кітап жазған жазушы әрі психолог. Оны шетелдіктер әлемдегі саусақпен санарлық кәсіби психологтың қатарына қосады. Ол осыған дейінгі өмірлік тәжірибесін негізге ала отырып ең маңызды деген 22 қағиданы тұжырымдады. Аталмыш қағидаларды Qamshy.kz ақпарат агенттігі қазақ тіліне тәжімалап оқырман назарына ұсынады.

Бақыт мақсат бола алмайды

Бақыттың артынан жүгіруді тоқтатыңыз. Сіз бақытты басқа бір бейтаныс адамнан немесе материалдық құндылықтардан таба алмайсыз. Бақыт сіздің ішкі дүниеңізбен тікелей байланысты. Сіз өмірден ләззат ала бастаған кезде ғана бақытты бол аласыз. Сіз өз бойыңыздағы талантты, дарынды дамытып, өз жетістіктеріңіз бен мақсаттарыңызға қайтадан назар салып көріңіз. Бойыңыздағы қасиет пен дарынды мақсатқа айналдырсаңыз ғана бақытты бола аласыз.

Көпшіліктің пікіріне құлақ асуды доғарыңыз

Егер сіз өзіңіздің жақсы, ақылды және барлық жақсылыққа лайықты адам деп есептеп, соған бек сенімді болсаңыз сізге басқа адамдардың пікірі қажет те болмайды.

Ештеңе сұрамаңыз және ешкімнен ештеңе күтпеңіз

Егер сіз шын мәнісінде жетістікке жеткіңіз келсе, басқа адамдардан рұқсат сұрамаңыз. Керісінше сіз өз өміріңізді толықтай өзіңіз ғана бақылап отыруға тырсыңыз.

Теоретик болмаңыз

Қызу жұмыстың арасында пісіп, жетілген адам болыңыз. Теориялық білімге ғана емес,практикалық білімге, іс-әрекетке жақын болыңыз.

Жоспарлы іс-әрекеттер – сәттіліктің кепілі

Сіз өзіңіздің күнделікті өміріңізді бақылап, жоспарлап отыруды әдетке айналдырыңыз. Бұл да бір бақыттың кілті.

Жаныңыздағы адамдарға сенімсіздік танытып, күмәндана бермеңіз

Жауыңыз сіздің жаныңыздағы адамдар емес. Ең үлкен жауыңыз – өзіңіз. Сондай-ақ бұл жауды жеңу де аса оңай емес. Өзгелермен алысып уақыт жоғалтқанша, өзіңізбен күресіп, өз нәпсіңізді жеңіп,жетістікке жетіңіз.

Сіз барлығына ұнайтын доллар емессіз

Егер сіз барлығына бірдей ұнауға тырысып, соған сай әрекет жасасаңыз, оңбай құлайсыз. Сіздің алдыңыздан міндетті түрде үлкен сәтсіздік пайда болып, барлық адамнан көңіліңіз қалатыны анық. Себебі бәріне ұнау – мүмкін емес. Сондай-ақ қажеті де шамалы. Есте сақтаңыз, барлығына жағынудың соңы сізді ыңғайсыз жағдайға қалдырып, эмоциялық тұрғыдан қатты шаршауға әкеліп соғады.

Сізге көмек көрсеткен адамға ақша төлеңіз

Барлық адам бірдей емес әрине. Алайда кей адамдардың іс-әрекетінен сіз өзіңізді іштей кінәлі сезінетін сәттер болады. Егер айналаңыздағы адамдар сізге көрсеткен көмектен бірнәрсе дәметкенін байқап, сезген болсаңыз, олардан «маған жасаған көмегіңіздің құны қанша?», — деп ашық сұраңыз. Өзара есептесіп, қош айтысыңыз. Алайда өзіңіз біреуге тегін көмек көрсетсеңіз одан ештеңе күтпеңіз. Ал егер ұзақ уақытыңызды алатын болса, ашық әңгімеге көшіп, белгілі бір көлемде ақша төлеу керектігін айтыңыз.

Шынайы дүниені армандаңыз

Болмайтын нәрселерді қиялдап уақыт жоғалтпаңыз. Егер қиялдау ұнайтын болса, шынайы, орындалатын дүниелерді ойлаған жөн. Сіздің алға қойған мақсатыңыз бен қиялыңыз бір-бірімен үйлесім табуы керек.

Депрессия – қараңғы түнек емес

Депрессияға салынып, өмірден түңілуге жол бермеңіз. Депрессия – тым ауыр, қауіпті дерт. Бірақ күйзеліске түскен кездің де пайдалы тұсын аңғаруға болады. Күйзеліске түсу сіз өз өміріңіз туралы ойланып, өткен күндеріңізге сараптама жасауыңызға мүмкіндік береді. Осы туралы толықтай ойланып, толғанып, бір шешім қабылдаңыз. Тек күйзеліске түскен уақытыңыз ұзаққа созылмасын. Шешім қабылдаған бойда алға жылжыңыз, мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етіңіз.

Дұшпандарыңызбен араласыңыз

Достармен араласып, сөйлесіп, уақыт өткізу өте пайдалы әрі жағымды екені белгілі. Бұған дау жоқ, әрине. Алайда дұшпаныңызға айналған адамдармен араласу да сізге пайда әкелетінін ұмытпаңыз. Сіз олармен араласа отырып өзіңіз туралы жаңа ақпарат біле аласыз. Ол сізге ұнауы да, ұнамауы да мүмкін. Алайда "сын түзелмей, мін түзелмейді" дегенді жадыңызда ұстаңыз. Кей кезде достардан гөрі дұшпанның сөзіне құлақ асқан да пайдалы.

Кітап – ең жақсы кеңесші

Жақсы кітапты оқу әрқашан пайдалы. Сізге көңіл көтеріп, достармен қыдырғаннан гөрі кітап оқыған әлдеқайда пайдалырақ.

Уақытыңызды тиімді жүзеге асырып, пайдалы өткізіңіз

Өмірде әр минутыңызды пайдалы дүниеге арнаңыз. Сондай-ақ барлық зейініңізді пайдалы дүниеге аударыңыз. Мына шаршаған, жабырқаған, күйзеліске түскен әлемнен жақсы, пайдалы дүниені іздеп, соған ұмтылыңыз. Негізі көпшілікке ғылым мен философиясының пайдасы зор.

Табысқа жетуге арналған қарым-қатынас құруға талпыныңыз

Егер сізге романтикалық немесе ресми қарым-қатынас кері әсер еткенін сезсеңіз, онда басқа нұсқаларды да қарастыру керек. Себебі сіздің ішкі сезіміңіз алдамайды. Өзіңізге ұнамайтын қарым-қатынас сәттілік пен табысқа жетуге кері әсерін тигізеді.

Адамдардан қорықпаңыз

Егер сіз бейтаныс адамдармен сөйлесуге қорықсаңыз, бұл кемшілікті міндетті түрде жойыңыз. Ең болмаса, алғашқы секундында бейтаныс адамдарға жылышырай танытыңыз, сол кезде бейтаныс адам да ең жақын адамға айналуы бек мүмкін.

Әйелдердің түсініксіз логикасы туралы бірер сөз

Негізінде әйелдің немесе еркектің логикасы деп бөлек қарастырудың өзі логикаға қайшы. Адам не ақылды, не ақымақ бола алады. Бар болғаны осы.

Жалғыздықтан қорықпаңыз

Егер сіз романтикалық қарым-қатынастан кейін жалғыз қалған болсаңыз қорқудың еш қажеті жоқ. Жалғыздық – сіздің рухани тұрғыдан кемелденуіңізге әсер ете алады. Сонымен бірге өз-өзіңізбен оңаша қалу сізге әлдеқайда пайдалы болмақ.

Қуанышпен бөлісіңіз

Өз бақытыңызға, қуанышыңызға келген кезде ешқашан эгоист болмаңыз. Сіз қуанышты бөлісіп, сүйіншісін сұраған сайын қуаныш еселене түседі. Сондай-ақ сен жақындарыңның қуаныштан бал-бұл жанған сәтіне куә боласың. Бұл да бір бақыт емес пе?!

Сізді ешкім тоқтата алмайды

Қарапайым ғана ереже бар. Кей адамдар тез қозғалады, ал сіз өз шама- шарқыңыз жеткенше қозғаласыз. Бастысы – қозғалыс.

Сізді балағаттаса да мән бермеңіз

Өз мақсатыңызға жеткен күні сіз туралы айтқан орынсыз сын-пікір де, балағат сөздер мен ғайбат сөздер де мән-мағынасын жоғалтады. Сіз ол туралы тіпті ұмытып кетуіңіз мүмкін.

Өз-өзіңізді мақтап, мадақтай біліңіз

Өз-өзін мақтап, мадақтай алмаған адам бөтен адамдарды сынға алып, солардың мінін теріп отырады. Өзінің айтары болмаса да өсектеп, ғайбаттауға шебер болып алады.

Өзіңіз үшін өмір сүруді үйреніңіз

Егер сіз өзіңіздің өмірлік қағидаларыңызды жаныңыздағыларға түсіндіріп, өз пікіріңізді қорғаштап, ақталсаңыз, онда біліңіз, сіз басқа адамдар үшін өмір сүріп жүрсіз. Тез арада өзгеру қажет.

Бұл қағидаларды ұстану арқылы өмірді әлдеқайда жеңіл етіп, жақсы жағынан өзгертуге болады. Әрине, барлық қағиданы бірден орындап, жүзеге орындау қиынға соғатыны белгілі. Алайда күніне 3-4 қағиданы ұстанып, өзіңіз бен нәпсіңізді үйретіңіз. Біліңіз, сіздің ең басты жауыңыз – өз нәпсіңіз. Сәттілік серік болсын!

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    "Астана атауын ауыстыруға наразы" тұрғынды полиция ұстады
    21/03 13:10 0 323
    2
    "Вашингтонмен салыстыратындар не білімсіз, не пропагандист..."
    21/03 13:06 0 113
    3
    Димашты Мәскеу халқы қалай қарсы алды? (видео)
    21/03 12:53 0 133
    Облыс әкімі: Қазақ тілі қытай тілінен қиын емес шығар?
    21/03 12:41 0 182
    Әз Наурыз туралы таза шындық...
    21/03 11:31 0 150

    Таныстырылғандар

    Атыңнан айналайын қазақ қызы
    Атыңнан айналайын қазақ қызы
    Атыңнан айналайын қазақ қызы
    Қазақ қызы қандай болуы керек?
    15/03/2019 21:36 0 351
    Назарбаев Жаңа Зеландиядағы шабуылды қатаң түрде айыптады
    Назарбаев Жаңа Зеландиядағы шабуылды қатаң түрде айыптады
    Назарбаев Жаңа Зеландиядағы шабуылды қатаң түрде айыптады
    Жұма күні болған шабуылдан 49 адам көз жұмған.
    Аудио тыңдау
    16/03/2019 12:59 1 2092
    Мұсылман әйел Жаңа Зеландиядғы теракт кезінде ерлік жасады
    Мұсылман әйел Жаңа Зеландиядғы теракт кезінде ерлік жасады
    Мұсылман әйел Жаңа Зеландиядғы теракт кезінде ерлік жасады
    Жаңа Зеландияда Хусне Ара Парвин атты әйел Әл-Нұр мешітіндегі атыс кезінде сал болып қалған күйеуі Фарид Уддинді құтқаруға тырысыпты.
    Аудио тыңдау
    17/03/2019 12:19 0 3315
    Жәрдемақы көбейгенмен, мәселелер азаймайтынын Үкімет біле ме?
    Жәрдемақы көбейгенмен, мәселелер азаймайтынын Үкімет біле ме?
    Жәрдемақы көбейгенмен, мәселелер азаймайтынын Үкімет біле ме?
    Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік бюджет қызметкерлерінің жалақысын өсіру үшін Ұлттық қордан 980 млрд теңге алынады
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 09:31 0 790
    Роза Рымбаева Димаш туралы пікір айтып басы дауға қалған ұлын қалай қорғады?
    Роза Рымбаева Димаш туралы пікір айтып басы дауға қалған ұлын қалай қорғады?
    Роза Рымбаева Димаш туралы пікір айтып басы дауға қалған ұлын қалай қорғады?
    Бірнеше күннен бері Димаш туралы түрлі пікірлер айтылып та, жазылып та жатыр.
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 11:31 0 4616
    2018 жылы қолданысқа енген дрондар пошта жеткізілімін 10 есеге арттырды
    2018 жылы қолданысқа енген дрондар пошта жеткізілімін 10 есеге арттырды
    2018 жылы қолданысқа енген дрондар пошта жеткізілімін 10 есеге арттырды
    Бүгін «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов компанияның былтырғы жылғы жетістіктері мен биылғы жоспарлары туралы баяндады
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 16:57 0 132
    Головкин Елбасына алғысын білдірді
    Головкин Елбасына алғысын білдірді
    Головкин Елбасына алғысын білдірді
    19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеді.
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 08:39 0 365
    Серікболсын Әбділдин: Тілімді тістеп қалғым  келмейді...
    Серікболсын Әбділдин: Тілімді тістеп қалғым  келмейді...
    Серікболсын Әбділдин: Тілімді тістеп қалғым  келмейді...
    Серікболсын Әбділдинмен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынады
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 10:23 0 5287
    Ресей сарапшылары: Тоқаев ешқандай кланға қатысы жоқ таза адам
    Ресей сарапшылары: Тоқаев ешқандай кланға қатысы жоқ таза адам
    Ресей сарапшылары: Тоқаев ешқандай кланға қатысы жоқ таза адам
    Назарбаев Қазақстанның шынайы басшысы болып билікте қала береді.
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 11:55 0 880
    Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өкілеттігін қабылдап алды
    Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өкілеттігін қабылдап алды
    Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өкілеттігін қабылдап алды
    Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев келді де, алғашқы ант беру рәсімін бастады.
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 12:13 0 307
    Тоқаев Назарбаевқа Халық қаһарманы атағын берді
    Тоқаев Назарбаевқа Халық қаһарманы атағын берді
    Тоқаев Назарбаевқа Халық қаһарманы атағын берді
    Бүгін Парламент үйінде халыққа ант берген Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде алғашқы мәлімдемесін жасады
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 12:42 0 349
    Назарбаевты қимаған танымал әнші көз жасына ерік берді (видео)
    Назарбаевты қимаған танымал әнші көз жасына ерік берді (видео)
    Назарбаевты қимаған танымал әнші көз жасына ерік берді (видео)
    Алғаш президент боп сайланған кезде ол кісінің алдына шығып, ән салғанмын.
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 14:38 0 12006
    Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болды
    Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болды
    Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болды
    Ол бұл қызметке Сенат депутаттарының дауыс беруі нәтижесінде тағайындалды.
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 14:58 0 870
    Шымкентте Назарбаев даңғылы пайда болды
    Шымкентте Назарбаев даңғылы пайда болды
    Шымкентте Назарбаев даңғылы пайда болды
    Мұндай шешім қалалық мәслихаттың сессиясында қабылданды.
    Аудио тыңдау
    20/03/2019 18:22 0 196
    Елбасын қимаған Перуашев дауыстап жылап жіберді(видео)
    Елбасын қимаған Перуашев дауыстап жылап жіберді(видео)
    Елбасын қимаған Перуашев дауыстап жылап жіберді(видео)
    Елбасының өз еркімен биліктен бас тартуы елді елең еткізген жаңалық болды.
    21/03/2019 06:28 0 1675