• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:09:57
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2017 Әлеумет

Әлемдегі ең жиіркенішті кәсіптер тізімі

Кеңседе жұмыс істейтіндер өміріне шағымдануға бейім тұрады. Daily Mail-дің әлемдегі ең жағымсыз кәсіптер тізімін көргеннен кейін кеңсе қызметкерлері өмірде...

Кеңседе жұмыс істейтіндер өміріне шағымдануға бейім тұрады. Daily Mail-дің әлемдегі ең жағымсыз кәсіптер тізімін көргеннен кейін кеңсе қызметкерлері өмірде қаншалықты жолы болғанын түсінер.

Иістер бойынша сарапшы

«Менің жұмыс күнім шақырылған адамдардың денесін иіскеуден басталады» деп бастады сөзін Unilever корпорациясының иіс жөніндегі бас сарапшысы Шэрон Пьюг. Ол адамдардың қолтығын иіскеп, өз сезімдерін қағаз бетіне түсіреді.

Бұл жұмысының тек бір бөлігі ғана. Одан кейін тәжірибеге қатысқан адам иіссіз сабынмен жуынып, сыналып жатқан косметикалық өнімді қолданады.  Қызметкер қайта адам қолтығын иіскеп, косметиканың әсерін анықтайды. Тест бірнеше сағаттан кейін қайта жасалынады.

Парламенттік лангурлар

Үндістан астанасы Делиде мыңдаған макака жүреді. Олар метроға отырады, пәтерлерге кіреді, адамдардың тамағын ұрлайды. Макакалар тіпті премьер-министрдің кабинетіне кіріп жұмысқа кедергі келтіреді екен.

Аталмыш мәселені шешу үшін лангур болып киініп, дәл маймылдар секілді дыбыс шығарып, аталмыш жануар сияқты жүріп-тұратын 40 адамды жұмысқа алған. Осыдан кейін мәселе шешіліп, макакалар «лангурлардан» алшақ жүретін болған.

Жапондық электрик

Жапонияға барған туристердің назары бірден шиеленіскен сымдарға түседі. Бүкіл әлемде сымдарды жердің астына қазады. Ал Жапонияда оны бағаналарға іледі. Кішігірім ақаулар болғанның өзінде электриктер шиеленіскен сымдарды бір-бірінен ажыратуы қажет.

Мысықтарға арналған жемнің дегустаторы

Marks and Spencer дүкендер желісінің қызметкері Саймон Эллисон үй жануарларына арнап жем жасайды. Ол алғаш рет 2006 жылы мысықтарға арналған жемнің дәмін татып, ұнатып қалыпты. Содан бері үй жануарларына арнап жем дайындайтын болған. Әдетте адамдар ұната бермейтін дәмдер мен иістер оған ұнайды екен.

Кәріз жүйесін тазалаушы

Жылына екі мәрте маусымдық жаңбыр жауардың алдында және кейін қалалардың барлық кәріз жүйесі тазартылады. Онымен айналысатындардың арнайы киімі де, жабдықтары да жоқ.  Күндік ақшасы 300 рубиден аспайтын олар күні бойы белшесінен лас суда тұрып, қолымен барлығын тазартады. Олардың жұмыс күні таңда басталып, түнге дейін жалғасады.

Жыл сайын Үндістанда адамдар тұншығып немесе инфекция түскеннен қайтыс болады екен. Бірнеше жыл бұрын Үндістан билігі кәріз жүйесін  қолмен тазалауға тыйым салды. Алайда заңның орындалуын әлі күнге дейін ешкім бақыламайды.

Адамдар амалдың жоқтығынан осындай жұмысқа баратынын айтады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір