• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 22:08:19
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2019 Әлем

Әлемдегі ең жас ана – 5 жасар перулік қыз

Бір қызығы, баланың денсаулығы қалыпты, салмағы 2,7 кг болып дүниге келеді.

1933 жылы Перудің Тикрапо ауылында тұратын кедей отбасында Лина Медина есімді қыз дүниге келді. Бірақ ол кезде бұл қыздың арада бес жыл өткен соң ең жас ана атанып тарихта қалатынын ешкім білген жоқ деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Медина бес жасқа толғанда анасы қызының іші шығып, тым үлкейіп кеткенін аңғарады, қызы да ішінің ауыратынын айтып көп шағымданатын. Қыздарының денсаулығына алаңдаған ата-ана жақын маңдағы ауруханаға жеткізеді. Алғашында аң-таң болған дәрігерлер қыздың ішінің үлкендігін белгісіз ісік деп жорамалдайды. Тек сараптама нәтижелері шыққан соң ғана қыздың аяғы ауыр екені анықталады.

Ең жас ана

Осы оқиғадан бір жарым ай өткен соң, 1939 жылдың 14-мамырында Медина "кесар тілігі" әдісі арқылы ұл баланы дүниге әкеледі. Бір қызығы, баланың денсаулығы қалыпты, салмағы 2,7 кг болып дүниге келеді. Медина ұлына өзін босандырған дәрігер Жерардо Лозадоның есімін береді.

Баласымен бірге

Жерардо 10 жасқа толғанша, Мединаны әпкесі деп ойлап өседі. Тек 10 жасқа толған кезде ғана бар шындықты естиді.

Акушер Хосе Сандовалдың 2002 жылы жарық көрген кітабында, Мединаның психологиялық тұрғыдан қалыпты бала болғаны айтылған. Тым ерте ана атану қыз баланың психологиясына қатты әсер етпеген. Дәрігердің сөзінше, Медина баласына қарағаннан гөрі, қуыршақтармен ойнағанды жақсы көрген.

Ең жас ана

Суретте сол жақта – 18 жасар Жерардо, жанында – 23 жасар анасы Медина

Медина Раул Хурадо есімді адамға тұрмысқа шығып, 1972 жылы тағы бір ұлды дүниеге әкеледі. Лина Медина 2015 жылы 8-қарашада жүрек талмасынан қайтыс болған.

Аударған: Дәурен Сыбанбай

Дәурен Сыбанбай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір